2024 жылдың 19 тамызында Атбасар аудандық сотының қаулысымен күдікті И.-ге қатыстыекі айға «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
И. қылмыстық қудалау органыменауыр зардаптарға, яғни,адам өліміне және жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруінеәкеп соққан жол-көлік құқық бұзушылығын жасады деген күдікке лекті. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасын жасағаннан кейін күдікті И. жәбірленушілерге медициналық көмек көрсетуге шара қолданбай, қылмыс орнынан қашып кетті. Ал, бұл Қазақстан Республикасы Қылмыс Кодексінің 345-бабының 3-бөлігі және 347-бабы бойынша жауапкершілікке тартуға негіз болып табылады.
Бұған дейін де, яғни, 2024 жылғы 16 тамызда И. жылдамдықты арттырғаны үшін ӘҚБтК-нің 592-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған болатын.
Сот күдікті И. бостандықта болса, куәларға ықпал ету арқылы істі объективті тергеуге кедергі келтіріп, қылмыстық қудалау органдарынан және соттан жасырынуы мүмкін деп есептегендіктен, жоғарыдағыдай шешімге келіп отыр.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.