Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сайлауда дауыс беру – әркімнің азаматтық ұстанымы - АРҚА АЖАРЫ

Сайлауда дауыс беру – әркімнің азаматтық ұстанымы

Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, АЭС құрылысын қолдау жөніндегі республикалық халықтық штабтың мүшесі Юлия Владимировна Кучинская Бұланды ауданы тұрғындарымен кездесуде Атом электр станциясының салынуымен елде қандай перспективалар ашылады, мемлекеттің энергетикалық тәуелсіздігі қандай және бейбіт атом отандық экономикаға қалай әсер етеді? Осы және өзге де өзекті сұрақтарды талқылады.

Аудандық модельді кітапхана, Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы, «Бота-2015» ЖШС және «ХПП Арна» ЖШС өндірістік кәсіпорындары алаңында өткен кездесулердің еркін форматта өтті.

Еңбек ұжымдары мен баяндамашы арасында ашық, қызу диалог өтті, оның барысында Юлия Владимировна АЭС құрылысының барлық оң аспектілері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сонымен қатар, АЭС мәселесі туралы белсенді түрде талқыланған бейресми платформада тұрғындардың қауіп-қатер мен жағымсыз салдарлар туралы қорқынышы сейілді деуге болады.

Барлық кездесулердегі ортақ ой – атом электр стансасын салу – нақты жағдай мен бүгінгі күннің қажеттілігінен туындаған бастама деген идея. Энергетикалық тәуелсіздік экономиканың өсуіне, өндірістік әлеуеттің кеңеюіне, жаңа кәсіпорындардың және соның нәтижесінде жаңа жоғары білікті және жақсы төленетін жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Атом электр станцияларын бүгінде болашаққа деген сенімді де саналы қадам ретінде, экономиканың драйвері және оның қозғаушы күші ретінде қабылдау керек.

Мәжіліс депутаты атап өткендей, референдум, ең алдымен, демократияның құралы, халықтың өз еркі мен құқығын білдіруі.

Шешімді қазақстандықтар өздері қабылдайды, сондықтан, әркімнің азаматтық ұстанымы өте маңызды – 6 қазанда сайлау учаскелеріне келіп, болашақ перспективалар үшін дауыс беру қажет.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Бұланды ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар