Негізінде жоғарылыққа ұмтылу жатыр

«Атом электр станцияларын салу жөніндегі» халықтық штабының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева Зеренді ауданына жұмыс сапарымен келді. Ол білім саласының өкілдерімен, мемлекеттік мекемелер – ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі, аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымдарымен кездесті.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Наталья Григорьевна еліміздің экономикалық әлеуетінің дамып, заманауи жоғары технологиялардың қолданылуына байланысты электр энергиясын тұтыну күн сайын артып, электр қуатының тапшылығы анық байқалып отырғанына тоқталды. Әсіресе, республикамыздың оңтүстік облыстарында. Сондықтан бұл мәселенің шешімі, әсіресе, қосымша қуат көздерін жасау арқылы күн өткен сайын айқындала түсуде.  Еліміздің үкіметі бұл бағытта ауқымды шараларды қолға алуда. Электр энергиясын өндірудің балама әдістері дерлік бүкіл аумақта қолданылады, бірақ, олар біздің аймақтың тұрақсыз климатына байланысты тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты мәселені шешудің басқа жолдарын іздеу керек. Ал, бүгінде бұл – атом электр станциясының құрылысы. Адамзат әлі электр энергиясын өндірудің озық әдістерін ойлап тапқан жоқ!

Атом электр станциялары әлемнің бірқатар өркениетті елдерінде табысты жұмыс істеп, олардың тиімділігін дәлелдеп отыр.  Кездесуде Н.Дементьева атом электр станцияларының артықшылықтарына тоқталып, олардың экологиялық қауіпсіздігін және реакторлардағы апаттардың ықтималдылығы іс жүзінде нөлге тең екенін атап өтті. Парламентарий Алматыдағы Ядролық физика институтында 1967 жылдан бері атом электр станциясының шағын прототипі болып табылатын ядролық реактор жұмыс істеп келе жатқанын мысалға келтірді. Осы кезеңде оның жұмысында ауытқулар тіркелген жоқ, нысанның айналасындағы экологиялық жүйе қалыпты жағдайда сақталған.

Келесі кезекте спикер қатысушылардың болашақ атом электр станциясының құрылысы жоспарланатын алаңы, ядролық қалдықтардың қалай пайдаланылатыны, құрылыс мерзімі мен қаржыландыру көздері, құрылысқа қай елдер тендерге қатысуда, бізде мамандар бар ма, біздің еліміздегі ядролық физика саласында және олар ядролық реактор құрылысына қатыса ма, жоқ па деген сұрақтарға жауап берді.

Тұрғындармен кездесудің соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева диалогқа қатысушыларды алдағы жалпыхалықтық референдумға белсенді түрде қатысып, мемлекетіміздің болашағы жолында өз таңдауын жасауға шақырды. Сондай-ақ, жұмыс сапарының соңында Зеренді ауданы Троицкое ауылында болып, жергілікті мектеп ұжымымен кездесті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар