Биылғы астықтың шығымы қуантпай қоймады

Қорғалжын ауданы бойынша дәнді дақылдар биыл 161374 гектар алқапқа себілген болатын.

Кейінгі кезде ауа райының қолайлы болуы диқан қауымының маңдай терімен өсірілген осы ырыздық бастауын шашпай-төкпей жинап алуға жол ашты. Ауданның көшбасшы шаруашылықтары саналатын «АФ Сапа астық», «Агро-Көбетей», «Кеңбидай Астық»,«Болашақ-2008», «Сабынды» сияқты жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері менірі шаруа қожалықтары өз тәжірибелері мен іскерліктерін көрсете білді. Олар кейбір алқаптарда өнімділікті гектарына 30 центнерге дейін жеткізді.

Бүгінгі таңдааудан диқандары орақ науқанын аяқтап, жалпы көлемі 180,6 мың тонна астық бастырды. Орташа шығымдылық гектарына 12 центнерден айналды. Ауданда сыйымдылығы 49,8 мың тоннаны құрайтын 21 қойма және 2 мың тонна астықты сақтауға арналған 10 дана жең бар.Бұл жеңдердің сыйымдылығы 2 мың тонна. 2025 жылдың егісі үшін 9,6 мың тонна тұқым дайындалып, бұл жұмыс әлі де жалғасын табуда.

Егін орағы науқанын сапалы жүргізу үшін 243 комбайн, 65 трактор, 91 жүк көлігі күні-түні егінжай төсіндегі еңбек көрігін қыздыра түсіп, жауапты науқанда жауапкершілік жүгін барынша терең сезінген диқан ұмтылысы осылайша өңірде күзгі жиын-терімніңуақытында аяқталуына жағдай туғызды.

 Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар