Әдебиет – халықтың жаны

Қазақ әдебиеті – ұлтымыздың рухани байлығы мен мәдениетінің негізгі өзегі. Әдебиеттің дамуы ғасырлар бойы қазақ халқының өмір салты, дүниетанымы және тарихи тәжірибесімен тығыз байланысты. Әдебиет бірде бізді сонау ғасырлар мәдениетінің шыңырауына сапар шектірсе, бірде құс қанатындай демеп, ілгері ұмтылдырады.

Кеңес Одағының Батыры, майдангер жазушы Бауыржан Момышұлының әжесі Қызтумас әжеміз айтқанындай,«Ертегісіз өскен бала – рухани мүгедек адам». Бесікте жатқанынан бастап құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың кейін көкірегі керең болуы ғажап емес. Сонымен, қазақ әдебиетінің ұлттық мәдениеттегі рөлі қандай? Қазақ әдебиеті ұлт мәдениетіне терең әсер етіп қана қоймай, оның негізін құрады. Мәдениет –ұлттың рухани құндылықтары, салт-дәстүрлері мен тарихы болса, әдебиет сол құндылықтарды сақтап, ұрпақтарға жеткізудің маңызды құралы. Әр дәуірдің ақындары мен жазушылары қоғамдағы өзгерістерді бейнелеп, ұлттық болмысты қалыптастыруда үлкен еңбек етті. Асан Қайғының желмаямен ел кезіп, халқына жайлы қоныс іздеуі немесе Махамбеттің күрескерлік рухы мен отты жырлары қазақ халқының тәуелсіздік пен бостандыққа деген ұмтылысын айқын бейнелейді.

Қазақ әдебиеті мәдениет пен тарихты ғана сақтап қоймай, ұрпақ тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады. Кез-келген шығарма оқырманға белгілі бір қасиетті дәріптеп, жамандықты даттайды. «Әдебиет – халықтың жаны» деген сөз бар. Бұл сөздің түпкі терең мағынасындаәдебиет арқылы халықтың рухани әлемі, ой-санасы қалыптасатыны айтылған. Мысалы Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» өлеңі адамның сүйегінен өтіп, жүрегіне жеткен. Осылайша, қазақтың рухын көтере білген. Ал, Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы арқылы бізқазақ халқының өз мәдениетіне, өнерге деген құрметін көреміз.

Халқымыздың асыл мұрасы қазақ әдебиеті – ұлттық мәдениеттің кілті. Әдебиеттек өткеннің мұрасын сақтап қана қоймай, болашаққа бағыт-бағдар береді. Әдебиетсіз толық мәдениет болмайды, ал, мәдениетсіз ұлт өзінің болмысын жоғалтады. Ендеше, қазақ әдебиетін насихаттап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізейік!

Нұрай РАМАЗАНОВА,
№16 жалпы орта білім беретін мектептің 10сынып оқушысы.

Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар