Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек заңын бұзудың жағдайлары байқалуда - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек заңын бұзудың жағдайлары байқалуда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағытында 2024 жылдың тоғыз айы бойынша жұмыс қорытындысын шығарды.

Мәселен, аталған кезеңде департамент жүргізілген тексерулер мен өтініштерді қарай келе, 78 мемлекеттік қызметшінің құқықтарын қорғады және қалпына келтірді. Олардың басым бөлігі мемлекеттік органдарда профилактикалық бақылаулар мен жоспарлы тексерулердің қорытындылары бойынша іске асырылуда. Бұл үшін 70 жоспарлы және азаматтардың өтініштері бойынша 8 жоспардан тыс тексерулер өткізілді.

Мысалы, қызметкердің тәртіптік жауапкершілікке тартылумен келіспеу туралы өтінішін қарау барысында тәртіптік комиссияның шешімімен департаменттің заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысы негізінде бұрынғы шешімі жойылды және орындаудан кері қайтарылды.

Кейбір жағдайларда департамент қызметшінің құқықтарын қалпына келтіру туралы талаптарды сот органдарында да сүйемелдейді. Осылайша, Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасарының лауазымынан босатуға келіспеу туралы өтінішін қарау нәтижелері бойынша департамент тәртіптік жаза қолдану тәртібін өрескел бұзушылықтарды анықтады және тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізді.

Бұдан басқа, қызметші бұзылған құқықтарды қорғау туралы талап арызбен сотқа өз бетінше жүгінді, ал, департамент талапкер тарапынан үшінші тұлға ретінде процеске қатыса отырып, қызметшіні тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде орын алған бұзушылықтарды атап көрсетті.

Нәтижесінде Қорғалжын аудандық сотының шешімімен қызметші атқарып отырған лауазымына қайта қалпына келтірілді, сондай-ақ, сот жұмыс берушіге мәжбүрлі жұмысқа келмегені үшін жалақы сомасын, сондай-ақ, келтірілген моральдық зиян үшін өтемақы төлеуді міндеттеді.

Департамент тарапынан талдау жұмыстарын жүргізуге ерекше көңіл бөлінеді, осылайша, жүргізілген талдаулардың қорытындысы бойынша 98 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.

Мысалы, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануларына тыйым салуға байланысты шектеулерді сақтау мәселесіне келсек, Бурабай ауданының құрылыс бөлімінің қызметкерлеріне іссапар шығындарын төлемей, бірнеше рет іссапарға жібергені анықталды, бұл туралы қызметкерлерден оларды төлеуден ерікті түрде бас тартуға өтініштер талап етілген.

Қолданыстағы заңнама мұндай бас тартуды көздемейді, сондықтан, мұндай төлемдер қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктеріне жатқызылуына байланысты жұмыс берушінің қызметкерге іссапар шығындарын өтеуі міндетті болып табылады. Демек, жұмысшылар іссапар шығындарын алу құқығынан негізсіз айырылған болып шығады.

Департамент араласқаннан кейін мемлекеттік органның екі қызметкеріне 88 608 теңге сомасында іссапар шығындары төленді, сөйтіп, олардың құқықтары қалпына келтірілді.

Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың тәртіптік практикасын талдау қорытындысы бойынша жаза қолдану туралы 19 заңсыз актінің күші жойылды.

Бұл жерде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңының 9-бабының 14-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметші оның пікірі бойынша негізсіз айыптаулар болған кезде, қызметтік тергеп-тексеруді талап етуге құқылы екенін атап өткен жөн.

Алайда, тәжірибе көрсеткеніндей, уәкілетті адамдар көрсетілген талаптарды ескермей, қызметтік тергеп-тексеру жүргізбестен, келісімі болмаған кезде де қызметшілерге жаза қолданады, жекелеген жағдайларда және акт шығарар алдында жазбаша түсініктеме талап етпейді.

Жұмыс уақытының режимін сақтау мониторингі бойынша жүргізілетін жұмыстың қорытындысы бойынша 189 қызметшінің құқықтары қорғалды және қалпына келтірілді, осылайша, 117 мемлекеттік органға бару қорытындысы бойынша 12 акт жасалды, оның негізінде 40 қызметшіге демалыс сағаттары берілді. 149 қызметшінің құқықтары есепке алуды бақылау жүйесінің мониторингі арқылы қалпына келтірілді, оның нәтижелері бойынша оларды үстеме жұмысқа тарту фактілері анықталды.

Барлық қабылданған шаралар бізге еңбек заңын бұзу жағдайларының санын қысқартуға, сол арқылы мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды іске асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Дархан ХАЙРУЛЛИН,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары,
Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар