Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аудандағы көшпелі мәжіліс - АРҚА АЖАРЫ

Аудандағы көшпелі мәжіліс

Бұланды ауданында Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы болып өтті. Бұл отырыс жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету сапасына арналды.

Аудандық мәслихат депутаттары да қатысқан отырысты депутат Саят Сыздықов жүргізіп отырды. Бұланды аудандық мәслихат төрағасы Нұрбек Сексенов комиссия мүшелеріне ауданда көшпелі отырысты ұйымдастырып, жергілікті атқарушы және өкілді органдардың жұмысына көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.

Отырыс жұмысына облыстық мәслихат депутаттары Құралай Жұмабекова, Василий Шиманский, Клара Меңдібаева тікелей қатысса, комиссияның қалған мүшелері іс-шараға  Zoom-конференция  арқылы қосыла алды.

Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарының қызметін қаржыландырудағы ахуал, оларды шешуде депутаттық корпустың қолдауы қажет болып отырған  проблемалық мәселелер туралы айтып берді. Басым міндеттердің бірі – ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап әлеуметтік мекемелердің жан басына шаққандағы қаржыландыруға көшуі. Барлық жұмыс енді «Социум»  бірыңғай цифрлық платформасында жүргізілетіндіктен, жаңа компьютерлер сатып алу керек. Оны сатып алуға бюджеттік өтінім экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жолданған.

Бірқатар мекемелерде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Мысалы, Көкшетаудағы психоневрологиялық аурулары бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында шұғыл электр сымдарын ауыстыру қажет. Әйтпесе, мекеменің жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында қызмет көрсетуге лицензия алмау қаупі бар.  Бұл жұмыстың құны шамамен 16 миллион теңге, бұл соманы жақын арада бөлу қажет.

Көшпелі отырыста Бұланды ауданы әкімінің орынбасары Кенжебике Исмағамбетова және «Макинск қаласының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ директоры Надежда Ларионова жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Отырысқа дейін депутаттар Көкшетау, Щучинск, Макинск қалалары мен  Біржан сал ауданындағы арнайы орталықтарға барып, мәселені жан-жақтан зерделеді, сондықтан, көптеген сұрақтар мен ұсыныстар туындады. Атап айтқанда, Біржан сал ауданы Макинка ауылында орталық корпусын жөндеудің орындылығы туралы мәселе көтерілді. Медициналық-әлеуметтік мекеменің ағаш ғимараттары 20-сыншы ғасырдың басында салынған.  Бірнеше жыл бұрын жаңа корпустың іргетасы қаланған, бірақ қаражаттың болмауына байланысты жұмыс тоқтап тұр.

Отырыс соңында облыстық және аудандық мәслихат депутаттары Бұланды ауданының дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелерді де талқылады.

Қарлыға МҰХАТАЕВА,
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар