«Бурабай – Қазақстанның інжу маржаны» атты республикалық ЭкоТурВЕЅТ фестивалі табысты өтті.
Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Алматы, Абай, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері қатысты.
Фестивальдің негізгі мақсаты Щучье-Бурабай курорттық аймағын пилоттық жоба ретінде негізге ала отырып, экологиялық туризмді дамыту, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру, экология және туризм саласындағы ғылыми-зерттеулерді қолдау арқылы Қазақстанда тұрақты экологиялық жүйені қалыптастыру болып табылады.
Іс-шараға «Қоршаған орта», «Орман шаруашылығы» бейіні бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестіктің құрамына кіретін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары қатысты. Ал, жалпы білім беретін мектептер мен колледждердің оқушылары жаратылыстану — ғылыми және гуманитарлық пәндер циклдерін тереңдетіп оқу қажеттіліктерін қозғайтын жобалық жұмыстарын қорғады.
Ғылыми-зерттеу жобалары қорғалған үш секция жұмысының қорытындысы бойынша Ақмола облысының өкілдері биіктен көріне алды. Мәселен, Степногорск қаласының тау-кен техникалық, Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі менжоғары техникалық колледжі, Бурабай ауылының Сәкен Сейфуллин атындағы мектебі ІІІ дәрежелі дипломдардың иегерлері атанды. Ал,Көкшетау қаласының жоғары көпсалалы азаматтық қорғаныс, Қатаркөл жоғары ветеринария және биотехнология,Шағалалыжоғары агротехникалық колледждері II дәрежелі дипломдармен марапатталды. Щучинск қаласының жоғары орман шаруашылығы, экология және туризм колледжі мен жоғары техникалық колледжі және П.Морозов атындағы №3 мектебі I дәрежелі дипломдарды иеленді. Есіл қаласының агротехникалық колледжі мен Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжібас жүлдеге ие болды. Өзге қатысушылар да жүлдеге қол жеткізе алмағандарымен, Ақмола облысының білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ы.ШАМШИЕВА.