Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысы қысқы демалыс маусымына дайындалып жатыр - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысы қысқы демалыс маусымына дайындалып жатыр

Ақмола облысында қысқы демалыс маусымына дайындық жүріп жатыр. Мамандар биыл өңірге 300 мыңға жуық  адам келеді деп болжайды.

Әсіресе, Бурабай мен Зерендідегі демалыс орындарына сұраныс жоғары. Туристердің алғашқы легі желтоқсан айының басында келеді. Курорттық аймақ биыл   демалушыларды несімен қызықтырады?  Бурабай қыста да көркем. Саф ауасы мен тұмса табиға көздің жауын алады. Сондықтан мұндағы демалыс орындары қысы жазы туристерден үзілген емес.

– Бурабайдың алдымен таза ауасы ұнайды. Табиғатына көз тоймайды. Шетелден артық болмаса, кем түспейді. Біз Қарағанды қаласынан міне отбасымызбен келдік. Үлкендер үшін де, балалар үшінде барлық жағдай жасалған. Қазір курортты аймақтағы демалыс орындары қысқа демалыс маусымына қамданып жатыр. Олар емдік шаралармен қоса, қысқы ойын-сауық түрлерін де ұйымдастырмақ, –дейді турист Алёна Шамаева.

– Біз туристердің жақсы тынығуы үшін барынша жағдай жасаймыз. Әсіресе, отбасылық демалысқа баса көңіл бөлеміз. Яғни, балалар үшін арнайы ойын-сауық бағдарлама дайындалады. Қысқы уақытта туристер шаңғы мен коньки теуіп, биіктен сырғанай алады. қысқасы қысқы демалысты қызықты ұйымдастыруға тырысамыз. Алайда, мұндай шаралар көбінде демалыс орындарының өз ауласында ұйымдастырылады. Сонымен қатар, шамамен 3 күнге бір адамға 80 мың теңгеден басталады. Салаға жауапты басқарма басшылығының сөзінше Бурабайда қыста қоғамдық демалыс алаңқайлары да ашылады. Халық көп жүретін жерлерде сырғанақ пен мұз айдыны секілді арнайы орындар салынады. Сондай-ақ, қысқы уақытта туристердің алаңсыз қатынауы үшін жағдай жасалады, – дейді демалыс орталығының директоры Елена Барановская.

– Қазір біз тасымалдаушы компаниямен бірлесіп 13 желтоқсанна бастап қосымша электр пойыздарын іске қосамыз. Бұл туристердің еркін қатынауына мүмкін береді. Біз алты вгонды жаңа жылға сәйкестендіре әрлеп, қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлаймыз деп ойлаймын. Жауаптылар қыста Бурабайға келетін туристер қатарын көбейтіп, қысқы туризмді мейлінше дамыту үшін спорттық іс-шараларды да көптеп өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейін, курортты аймаққа жылына 1 млннан астам адам қыдырып келсе, әзірге соның тек 30 проценті ғана қыс айларының үлесінде, – дейді облыстық туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар