Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы - АРҚА АЖАРЫ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың құттықтауы

Құрметті ақмолалықтар!

Сіздерді Ұлттық валюта – Теңге күнімен құттықтаймын!

Осыдан 31 жыл бұрын күрделі экономикалық жағдайда теңгенің енгізілуі өзіміздің қаржылық жүйемізді құруға ғана емес, елдегі жағдайды тұрақтандыруға да ықпал етті. Осы жылдар ішінде ұлттық валютамыз экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан Қазақстан Республикасының шынайы тәуелсіздігінің жарқын бейнесіне айналды.

«Теңге Тәуелсіздігіміздің символына айналды. Елдің қаржы жүйесінің алдында азаматтардың әл-ауқатын одан әрі жақсартуға көмектесу міндеті тұр», – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев. Президентіміз ұлттық валютаның тұрақтылығы елдің экономикалық қауіпсіздігінің негізгі факторы болып табылатынын бірнеше рет атап өтті.

Ұлттық валюта күні қаржы қызметкерлерінің кәсіби мерекесін тойлауының символдық мәні бар. Олардың жұмысының сапасы көбінесе облыс бюджетінің тұрақты толықтырылуын, өзекті әлеуметтік мәселелердің сәтті шешілуін, ел экономикасының үдемелі дамуын айқындайды. Олар алдағы уақытта да облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, Жаңа, Әділетті Қазақстанның табысты құрылуына лайықты үлес қосатынына сенімдімін.

Құрметті қаржы органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!

Адал, қажырлы еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымды қабыл алыңыздар! Сіздерге зор денсаулық, зор табыс, отбасылық амандық, барлық жоспарларыңыздың орындалуын тілеймін! Әрдайымсенімді достарыңыз бен әріптестеріңіздің ортасында болыңыздар! Теңге тұрақты болып, экономикамыз нығайып, Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!

***

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары!

Өңірдің депутаттық корпусы атынан сіздерді Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта – Теңге күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлығымен 1993 жылғы 15 қарашада елімізде Ұлттық валюта – Теңге айналымға енгізілді. Дәл осы күн Қазақстанда Ұлттық валюта күні және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі деп саналады.

Ұлттық валюта мемлекеттіліктің қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Теңгені енгізе отырып, Қазақстан тәуелсіз экономикалық, ақшалық-кредит және эмиссиялық саясат жүргізуге мүмкіндік алды.

Осы жылдар ішінде ұлттық валюта жаһандық қаржылық дағдарыстарға төтеп беріп қана қоймай, одан әрі дамуда. Бүгінде Қазақстанның қаржы секторы озық секторлардың бірі болып саналады, біз қаржы қызметтерінің қолжетімділігін арттыру, инновациялық қаржы өнімдерін жасау үшін заманауи технологияларды белсенді қолданудамыз.  Қаржы жүйесінің тұрақтылығы өңірді әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың табыстылығына, жаңа жобалардың іске қосылуына үлкен септігін тигізеді.

Бүгінгі таңда осы салада еңбек етіп, өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, Жаңа, Әділетті Қазақстанның құрылуына лайықты үлес қосып жатқан баршаңызға алғысымды білдіремін.

Құрметті қаржыгерлер, кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің жұмыстарыңыз  еліміздің болашағын құрудағы үлкен тізбектің бір бөлігі болып табылады. Сіздерге мықты денсаулық, мемлекетіміздің экономикалық әл-ауқатын арттыруға, қаржылық қызметтегі тұрақтылыққа және жаңа биіктерге жетуге бағытталған жемісті еңбек тілеймін!

Бейбіт Жүсіпов,
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар