Мемлекеттік қызмет  – ел үшін қызмет етуді таңдау

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының 30 жылдығына орай, Ақмола филиалына барып, мемлекеттік қызметшілерге дәріс оқыды.  

– Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірінші форумында атап өткеніндей, «Мемлекеттік қызметшілер еліміздегі жүйелі өзгерістердің басты бағыттаушыларының бірі болып табылады».  Сіздер – мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік аппараттың іргетасы болып табыласыздар. Бүгін мен сіздермен өңірдің жетістіктері және жергілікті мемлекеттік басқару жүйесіндегі басымдықтарымыз туралы ой бөліскім келеді, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Облыс басшысы мемлекеттік қызметшінің әдептілік, жоғары моральдық жауапкершілік, еңбекқорлық және өзін-өзі жетілдіру бойынша жоғары қасиеттерге ие болуы тиіс екенін атап өтті. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының маңыздылығын түсініп, өз елінің патриоты болуға тиіс.

– Жұмысымыздың түпкілікті нәтижесінің критерийі азаматтар көріп, сезінуі тиіс нақты өзгерістер болуы қажет. Сондықтан, Мемлекеттік басқарудың негізі ретінде адамға бағытталған жұмыс моделі алынды.Өйткені, бұл – кез-келген мемлекеттік қызметшінің қызметіндегі басты қағида, – деді М.Ахметжанов.

Кездесу соңында аймақ басшысы тыңдаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік қызметшінің қалыптасу жолы туралы жеке тәжірибесімен бөлісті.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

13 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар