Ерейментау ауданының Ақсуат елді мекенінде тұратын Байтеміровтер отбасында кішкентай нәресте дүние есігін ашып, туған-туыстарын қуанышқа бөледі.
1 желтоқсан күні туған сәбиге ата-анасы ырымдап Нұрсұлу деген есім берді. Үш ұлдан кейін дүниеге келген Нұрсұлудың әкесі Серік жүргізуші болып істесе, анасы үй шаруасындағы әйел.
Сонымен қатар, Павлов ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылында тұратын Шәйкеновтер отбасында да осы күні дүниеге келген сәбиге мереке құрметіне Ақнұр есімі қойылды.
«Нұр Отан» партиясының Ерейментау аудандық филиалы саяси кеңесі бюросының мүшесі, кәсіпкер Торғын Әлиева нәрестелі болған отбасыларын перзентханаға арнайы құттықтап барып, материалдық көмек көрсетіп, сый-сияпатын жасады.
Динара ДҮЙСЕНОВА,
«Нұр Отан» партиясы
Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы.