Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Бақуатты аудан»: атауы ғана емес, заты да баянды болсын - АРҚА АЖАРЫ

«Бақуатты аудан»: атауы ғана емес, заты да баянды болсын

Целиноград ауданының Қараөткел ауылында сапалы білімге қолжетімділікті арттыруға бағытталған «Baquatty Audan» бастамасы аясында білім беру жобаларының таныстырылымы өтті.

ESEN Foundation, ANSA және BAQ қорлары консорциумының пилоттық жобасы AMANAT партиясының бастамасымен және Ақмола облысы әкімінің қолдауымен жүзеге асырылады. Мұндағы басты мақсат – Қазақстанның барлық тұрғынына тұратын жеріне қарамастан, сапалы білім мен денсаулық сақтау салаларына қолжетімділікті қамтамасыз ету. Қазіргі уақытта бұл пилоттық жоба Целиноград ауданында іске асырылуда.

Ауданда 48 мектеп жұмыс істейді, олардың алтауы биыл пайдалануға берілген. Желтоқсан айында тағы бір мектепті іске қосу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда бұл мектептерде 20 мыңнан астам бала білім алуда. Инфрақұрылымның жақсаруына қарамастан, аудан мектептерінде оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейі жақсартуды тілейді. Ауылдық және қалалық мектептер арасындағы алшақтықты қысқарту үшін ауыл балаларының сапалы білімге қолжетімділігін қазірден қамтамасыз ете түспесе болмайды. Бұл ретте, ESEN Foundation білім беру жобасының жетекшісі Камила Башарова:

–Біздің міндетіміз – өңірдегі адами капиталды дамытуға ықпал ету және ауданның барлық мектебіне озық білім беру тәжірибелерін енгізуге күш салу. Қазақстанда ауылдық және қалалық мектептер арасындағы білім сапасының алшақтығы бірнеше жылдан бері өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Бірақ, өкінішке орай, ол әлі де шешімін таппай отыр. Сондықтан да, біз өз жұмысымызға ауыл балаларының бүгінгі күні сапалы білім алу мүмкіндігіне ие болуын қамтамасыз етудің маңызын түсінетін және осы құндылықты қолдайтын жетекші ғалымдарды, әдіскерлерді, тәжірибесі мол мамандар мен ұйымдарды тартамыз. Сол арқылы ауыл оқушыларының бүгіннен бастап жан-жақты дамуына, білім алуына және болашақта табысты әрі бәсекеге қабілетті азамат болуына жағдай жасаймыз. Сонымен қатар, осы бастама табысты іске асырылған жағдайда әрі қарай кеңінен таратуға болатын жаңа тәсілдер мен тиімді шешімдерді әзірлеп, оларды тәжірибе жүзінде сынақтан өткізуге күш салғымыз келеді, – дейді.

Жоғарыда аталған білім беру жобалары мектеп басшылары, педагогтар мен оқушылардың құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған. Соның ішінде басты бағыттарына тоқталсақ, біріншіден, мектеп басшыларының кәсіби және жеке басқарушылық дағдыларын дамыту мен жетілдіру. Жобаға ауыл мектептерінің басқару командалары, оның ішінде 30 директор мен олардың 60 орынбасары қатысуда, олар өз жұмысына басқару және жоспарлаудың жаңа әдістерін енгізетін болады. Білім сапасын жақсартумен қатар, жоба ауданның білім беру жүйесін одан әрі дамыту үшін кадрлық резерв қалыптастырады. Жобаның серіктесі – Назарбаев зияткерлік мектептерінің педагогикалық шеберлік орталығы. Мұны педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары Толқын Айдосова былай түсіндіреді:

–Жоба аясында өңір мұғалімдерінің кәсіби қажеттіліктеріне зерттеу жүргізілуде, мектеп басшылары мен пән мұғалімдеріне арналған оқыту бағдарламалары енгізіліп, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту курстары өткізілуде. Сонымен қатар, тақырыптық семинарлар мен вебинарлар, әсіресе, ең маңыздысы, қатысушыларға курстан кейінгі қолдау шаралары қарастырылған.

Ауданның білім беру жүйесіндегі тұрақты және сапалы өзгерістерді қолдау үшін ауылдық педагогикалық академия құрылуда. Академияның мақсаты – мұғалімдер мен мектеп басшыларының кәсіби қауымдастығын қалыптастыру, олардың өзара және бірлесе білімдерін көтеріп, дамуға бейімделуіне жағдай жасау. Жобаны ғылыми-әдістемелік жағынан сүйемелдеуді Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы қамтамасыз етеді, ал, менторлық қызметті елдің түкпір-түкпірінен келген жетекші директорлар мен тәжірибелі педагогтар атқарады.

«Ауылдық педакадемия» жобасының менторы Құралай Байтажикова мектеп директоры өзіне жоғары стандарттар қоя алса, оның орындалу мүмкіндігі де жоғары болатындығын айтады. Қазіргі уақытта жобаға ауданның барлық 48 мектебінен 1000 педагог қатысуда, бұл әрбір ауыл мектебі мен педагогикалық ұжымға өзін-өзі ілгерілететін ұйым ахуалын қалыптастыру мүмкіндігін туғызады.

Қызылжар және Талапкер ауылдарындағы мектептерде де «5SANDYQ» ауылдық қосымша білім беру орталығының пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл орталықта балалар шығармашылық, спорттық, жаратылыстану, техникалық және цифрлық бағыттағы үйірмелер мен секцияларға қатыса алады. Осыны ескерсек, 2024 жылы 1000-нан астам бала өз таланттарын, қабілеттері мен дағдыларын дамыту үшін қосымша білім алу мүмкіндігіне ие болды. Ал, 2026 жылға қарай қосымша біліммен 20 мыңға дейін оқушыны қамту жоспарлануда.

ESEN Foundation өкілдерінің айтуынша, ауданда балалар мен мұғалімдер ғана емес, ата-аналар мен ауылдық жерлердегі басқа да тұрғындар қатыса алатын бірқатар байқаулар, турнирлер және жарыстар өткізу көзделген.

«Baquatty Audan» бастамасы да ауылдық жерлерде білім беру, денсаулық сақтау және инклюзия саласындағы жобалар портфелін қамтиды. Денсаулық сақтау саласында медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға арналған «Білімді маман» бағдарламасын іске қосу, сондай-ақ, 50 мың ауыл тұрғынына көмек көрсету мақсатында телемедицина мен мобильді медициналық орталықтарды дамыту да жоспарда бар.

Инклюзия  бағыты бойынша ерекше қажеттіліктері бар балаларға арнайы кабинеттер ашып, білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін білікті мамандар да ауадай қажет. Қазіргі уақытта инклюзияны қолдау кабинеттері Қызылжар, Оразақ, Қараменді батыр және Ыбырай Алтынсарин ауылдарындағы  білім ордаларында ашылды. Олай болса, ауданда енгізіліп жатқан жаңа пилоттық жобаның берері мол болсын дейміз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.  

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар