Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Орман-тоғайға заңсыз қол сұғушылыққа бармайық - АРҚА АЖАРЫ

Орман-тоғайға заңсыз қол сұғушылыққа бармайық

Қыс мезгілінде ормандағы ағаштар табиғаттың қиын жағдайларына бейімделеді. Ағаштар мұзды қардың әсерінен әлсіз әрі сынғыш болып келеді.

Ағаштарды кесу  де орманға жасалған қиянат болып табылады. Жылдың төрт мезгілінде орман-тоғайдың пайдасы ұшан-теңіз. Ол – таза ауа, көрікті табиғат аясы, жылу. Ағаштар жазда орманда тек көлеңке түсіріп қана қоймайды, олардың тамырлары топырақты бекітіп, жерді эрозиядан сақтайды. Сондай-ақ, ағаштар біздің ауамызды тазартады, жануарларға қорек береді. Жылу демекші, ағаштарды тек арнайы рұқсатпен ғана кесу қажет. Әсіресе, қыста бұл әрекеттерден мүлдем аулақ болған жөн.

Жаңа жыл мерекесіне дайындық кезінде көп адамдар шырша іздеп, орманға барады. Бірақ, бұл әрекет – ормандарға зиян келтірудің бір түрі. Орманнан шырша кесу – заңсыз, әрі табиғатқа қарсы жасалған қадам. Жаңа жылды табиғатқа қиянат келтіре отырып, мерекелеу дұрыс емес. Ағашты заңсыз кесудің орнына арнайы сатылымға шығарылған жасанды шыршаларды сатып алған әлдеқайда пайдалы әрі экологиялық тұрғыдан да өте жөн болар еді. Бұл орманның экожүйесіне зиян келтірмей, Жаңа жыл мейрамын тойлаудың ең қауіпсіз жолы.

Қыстың аязды күндері орманда серуендеу қауіпті де болуы ықтимал. Қардың астында мұз қабаты пайда болып, ағаштардың бұтақтары қатаюы, сөйтіп, олар кез келген уақытта құлап, жарақат алуыңызға себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар, аязды ауа райы ағаштардың және өсімдіктердің тіршілігін қиындатады. Жалпы, қыста орманда жүруді шектеп, табиғатты тыныш қалпында қалдыру керек. Егер серуендеуді қажет етсеңіз, бір шетінен алдын ала орманның жағдайын тексеріп, қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.

Қыс – орман үшін ең қиын кезеңдердің бірі. Бұл уақытта ағаштар мен жануарлар суықта азықтың тапшылығына қарсы күресіп жатқан кезде, біз оларға көмек көрсетуіміз керек. Ормандағы ағаштар мен бұталарды қорғау – біздің ең басты міндетіміз. Қыс мезгілінде зиянды әрекеттерден аулақ болып, неғұрлым табиғатты сақтасақ, келешек ұрпаққа да өзіміз көзіміз көрген, дем алған осы ормандарды қалдырамыз.

Қыстың алғашқы қары түскеннен бастап ормандарға аса сақтықпен қарау қажет. Әрбір ағаш, әрбір бұтақ, тіпті орманның ішіндегі тыныштық та өте маңызды. Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік, тепе-теңдік біз үшін бірінші орында тұруы тиіс. Тағы да айтамыз, табиғаттың тілін ұғып, оны қорғау – біздің ортақ міндетіміз ғана емес, келешек ұрпақ алдындағы парызымыз.

Серік ЕРДЕНОВ,
«Қыпшақ» орман шаруашылығының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар