✔️ Су тасқыны кезеңінде 120 мыңнан астам азамат құтқарылып, уақытша орналастыру пункттеріне орналастырылды, оларға барлық қажетті көмек көрсетілді.
⚡️ Су басқан аймақтарға құқық тәртібін қамтамасыз ету және санитарлық-профилактикалық, эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу үшін қосымша күштер жіберілді.
✔️ Көлік қатынасынсыз қалған Ақтөбе, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының елді мекендерін азық-түлікпен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін алғаш рет қалқыма көпірлер қолданылды.
✔️ Қосымша арнайы инженерлік техника мен тіршілікті қамтамасыз ету заттарына броньды алып тастау жасалды. Бір мезгілде тәулік бойы су тасқынына қарсы және инженерлік жұмыстар жүргізілді.
🔵 Барлығы 35 млн м3 астам су сорылды, мың шақырымға жуық уақытша қорғаныс бөгеттері мен біліктері тұрғызылды, 7,5 мың шақырымға жуық арықтар мен каналдар тазартылды, 8 млн астам қапшықтар төселді.
⚡️ Жалпы, апаттан құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Мемлекеттік күзет қызметінің күштері мен құралдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен бей-жай қарамайтын азаматтар жұмылдырылды.
⏩ Күштер мен құралдардың жалпы топтамасы 63 мыңнан астам адамды, шамамен 7 мың техниканы, 1 мыңнан астам су айдау құрылғыларын, 418 жүзу құралдарын және 38 әуе кемелерін құрады.
📱 @KZgovernment