Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Кәсіпкердің құқығы қорғалды - АРҚА АЖАРЫ

Кәсіпкердің құқығы қорғалды

Бүгінгі таңда кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау прокуратура органдарының басты жұмыс бағыттарының бірі болып табылады.

Осылайша, Ерейментау ауданының прокуратурасы жүргізген талдау барысында кәсіпкерді заңсыз әкімшілік жауапкершілікке тарту дерегі анықталды. 2024 жылғы 17 қазандағы аудандық соттың қаулысымен жеке кәсіпкер алкоголь өнімін өткізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзғандығы үшін ӘҚБтК-нің 200-бабы 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, оған 40 АЕК мөлшерінде айыппұл салу және лицензиясының қолданысын тоқтату түріндегі әкімшілік жаза қолданылған. Алайда, талдау барысында полиция қызметкерлері ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 129-бабының 15-тармағын бұза отырып, уәкілетті органда кәсіпкерге қатысты тексеруді тіркемегендігі анықталды.

Бұл ретте, аудан прокуратурасымен жеке кәсіпкердің құқығын қорғау мақсатында облыс сотының апелляциялық сатысына өтініш хат енгізілді. Оны қарау нәтижесінде прокуратурамен енгізілген өтініш хат қанағаттандырылып, аудан сотының заңсыз қаулысының күші жойылды.

Ерейментау аудандық прокуратурасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға бағытталған мобильді топ жұмыс атқарып жатқандығын, құқық бұзылған жағдайда келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуға болатынын еске саламыз: 8(71633) 2-20-03 және 8 701 120 27 84.

Ауылдың кіреберіс жолы қалпына келтірілді

Биылғы жылдың көктемінде қардың қатты еруі мен еріген судың тасуынан Бурабай ауданы Қаражар ауылының кіре берісіндегі су өткізгіш құбырды су шайып кеткен болатын.

Соның салдарынан жергілікті тұрғындар, оның ішінде балалар да көктемде өзеннен жаяу өтуге мәжбүр болып, денсаулығы мен өміріне қауіп төнді. Осыған орай, аудандық прокуратураның ұсынуы бойынша аудан әкімідігімен «Жолды орташа жөндеу» бойынша техникалық құжаттама әзірленіп және осы жылдың 3 қыркүйегінде мердігер ұйыммен келісім жасалды.

Сөйтіп, жоба аясында диаметрі 1500 миллиметрді құрайтын бес темірбетонды су өткізгіш құбырды орнату жұмыстары жүргізіліп, жол төсемі қалпына келтірілді. Осылайша, қадағалау шаралары нәтижесінде тұрғындар үшін көліктердің кедергісіз өтуі қамтамасыз етілді.

 

Есірткі мен ұялы телефондарды заңсыз алып өтпек болған

Жуырда Аршалы ауданы прокуратурасының үйлестіруімен, жедел іс-шаралардың нәтижесінде Астана қаласы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Аршалы кентінің №2 мекемесінің аумағында азаматты ұстау барысында одан есірткі заттары мен ұялы телефондар табылып, тәркіленді.

Қаскүнем мекеме аумағына есірткі заты бар 9 полиэтилен пакетті, сондай-ақ 3 ұялы телефон мен 3 сим картасын заңсыз алып өтпекші болған. Күдіктіге қатысты есiрткi заттардың заңсыз айналымы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.  Күдіктіге жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Осы бағыттағы жұмыс одан әрі жалғасуда және облыс прокуратурасының ерекше бақылауында. Тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында есірткі жеткізу арналарын анықтау және оған қатысы бар адамдарды әшкерелеу шаралары жүргізілуде.

Ақмола облыстық прокуратурасының материалдары бойынша.  

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар