Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа пәтерлерінің кілттерін алып қуанды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа пәтерлерінің кілттерін алып қуанды

Жаңа жыл мерекесі алдында облыс орталығы Көкшетау қаласында салтанатты түрде халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдеріне жаңа пәтерлердің кілттерін тапсыру рәсімі өтті. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоныс тойын тойлаушыларды құттықтап, әр отбасы үшін лайықты өмір сүру жағдайын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

– Біз Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған тапсырмаларын орындауды жалғастырудамыз. Бүгінгі шара мемлекет пен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі, – деді Марат Ахметжанов.

Пәтерлер мемлекеттік бағдарламалар аясында қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында берілді. Қоныс тойын тойлаушылардың қатарында көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар және қолдауды қажет ететін басқа да азаматтар бар.

Жаңа пәтерлер толықтай жайлы өмір сүруге дайын, қажетті коммуникациялармен қамтамасыз етілген, заманауи стандарттарға сәйкес келеді және қолайлы аудандарда орналасқан.

Пәтер алған тұрғындар өз ризашылықтарын білдіріп, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік берілгені үшін алғыс айтты. Көпшілігі үшін бұл оқиға өмірдің жаңа кезеңінің басталуы десек артық емес.

– Бұл біздің отбасымыз үшін үлкен қолдау. Енді біздің болашағымызды құра алатын өз жайлы үйіміз бар, – деп ой бөлісті қоныс тойын тойлаушылардың бірі.

Ақмола облысында халықтың барлық санаттарын қолжетімді және жайлы баспанамен қамтамасыз ету тұрғысындағы тұрғын үй құрылысы жұмыстарын осы бағытпен одан әрі жалғастыру жоспарланып отыр.

Бұл өз кезегінде халықтың тұрғын үй кезегінің бұрынғыдан ілгерірек жылжуына, көптен баспана мәселесі толғандырып келе жатқан тұрғындардың осал топтарының осы мәселесінің шешіліп, қалыпты өмір сүру жағдайларына көшуіне ықпалын тигізетіндігі анық. Бұл ретте, соңғы кезде іске қосылған халықты пәтермен қамтамасыз етудің жаңа тетіктері істің жайын оңға бұруда.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар