Ауданда оқу-жаттығулары өткізілді

Сақтансаң – сақтар!

Жергілікті әкімдік бастамасымен аудан орталығы Державинск қаласында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық ретінде оқу-жаттығулары өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты төтенше жағдайлар қызметтері мен ұйымдарының су тасқынына байланысты ықтимал төтенше жағдайларды жоюға дайындығын тексеру болып табылады. Оқу-жаттығуларға 40 адам мен 24 арнайы техника қатысты. Шара барысында әртүрлі жағдайлар пысықталды, оның ішінде қорғаныс құрылыстарын нығайту, жедел қызметтердің іс-қимылдарын үйлестіру және халықты хабардар ету шаралары қарастырылды. Ауданның коммуналдық қызметтері мен бірқатар ұйымдар, соның ішінде «999» ЖК, «Ивахненко» ЖК, «Байсан» ЖШС, «Союз» ұйымы, «Гончаров» ЖК, «Арка-к» ЖШС қорғаныс бөгеттерін күшейту жұмыстарын жүргізді.

– Бұл оқу-жаттығулар күштер мен құралдардың дайындығын тексеруге, өзара іс-қимыл алгоритмдерін пысықтауға және мүмкін болатын әлсіз тұстарды жоюға мүмкіндік береді деп сенеміз. Біздің міндетіміз кез-келген жағдайға дайын болу, – деп атап өтті өз сөзінде аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков.

Сондай-ақ, қоғамдық тәртіп қызметтері ықтимал су басу қаупі бар аймақтардағы тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, эвакуациялау шараларын пысықтады.

– Бүгін атқарылған жұмыс су тасқынына дайындық деңгейін арттыруға жақсы мүмкіндік деп білеміз. Біз әртүрлі жағдайларды сынақтан өткізіп, талдау жасадық. Болашақта осындай оқу-жаттығулар жалғасып, соның бірі Пригород ауылында да өткізіледі, – дейді аудандық әкімдіктің жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінің басшысы Әділхан Қалымтай.

Сөз соңында мұндай оқу-жаттығулардың әдетте су тасқыны қаупін азайту және төтенше жағдайлар қызметтерінің дайындық деңгейін арттыру тұрғысынан пайдалы тұстары көп болатынын айта кетуіміз керек.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Жарқайың ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар