Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде - АРҚА АЖАРЫ

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде

Бурабай ауданында жаңа аурухана салынбақшы

Облыс әкімі Сергей Кулагин кезекті жұмыс сапарымен Бурабай ауданында болып, бірқатар әлеуметтік-өндірістік нысандардың жұмысымен танысты, сондай-ақ, алдағы міндеттерді белгіледі.
Облыс әкімі алдымен Зеленый Бор ауылындағы «Агроинвест 2015» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты. Құс фабрикасында  алдағы уақытта жаңғырту жұмыстарын қолға алып, тауық жұмыртқаларын ішкі нарыққа және жақын аудандар мен Ресейге саудаға шығару көзделген.
– Біз аумағы 25 гектар жерге өндірістік құрал-жабдықтарымен бірге құс фабрикасы кешенін сатып алу үшін қосымша қаражат тартуды көздеп отырмыз. Ол үшін 1,5 миллиард теңге қаржы қажет, – дейді серіктестік директоры. Осы орайда, облыс әкімі аталған жобаның маңызды екенін айта келе, алдағы уақытта қолдан келгенше көмектесетінін атап өтті.
Одан әрі облыс басшысы өткен жылы пайдалануға берілген Бурабай кентіндегі жылу қазандығының жұмысына назар аударды. Нысанды аралап көріп, кенттегі тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды  жылумен қамтамасыз ету жөнінде коммуналдық кәсіпорынның директоры Сайран Құлжановқа нақты тапсырма берді. Сонымен қатар, Бурабай аудандық ауруханасы және Щучинск қалалық балалар консультациясы бөлімшесінде болды.
– Ғимараттардың тозығы жеткен. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жаңа аурухананың құрылысын қолға алатын боламыз, – деді Сергей Кулагин. Сапар соңында облыс басшысы Щучинскідегі №8 мектеп-гимназиясының ұжымымен кездесіп, білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы сұрап білді.
– Мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен қажетті қаржы бөлінді, – деп сөзін қорытындылады облыс әкімі.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар