Қайталанбас қайсар тұлға

Ж.Тәшенов – 110

Көкшетау қалалық қазақ үлгілі кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Жұмабек Тәшеновтың 110 жылдығына арналған «Қайталанбас қайсар тұлға» атты танымдық кеш өтті.

Тәшенов Жұмабек Ахметұлы 1915 жылдың 20 наурызында Ақмола облысы Аршалы ауданының Танакөл ауылында туған. 1955-1960 жылдары  Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының төрағасы, 1960-1961 жылдары  Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы болды. Жұмабек Тәшенов республиканың саяси-экономикалық, мәдени дамуына, қазақ мемлекетінің тұтастығының сақталуына зор еңбек сіңірді. Шет елдермен саяси маңызды келіссөздер жүргізу жолында қашанда тек шындықты айтып, ұлт намысын қорғады, ел аумағының тұтастығын сақтауға бар күш-жігерін салды.

Танымдық кешке Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Ерлан Мырзаханов, Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық музыкалық-драма театрының актері, мәдениет қайраткері Төлеубек Көңбай, Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және кітапхана оқырмандары қатысты.

Шарада кеш қонақтары өзара пікір алмасып, мемлекет қайраткерінің азаматтық келбетін айшықтайтын орамды ойларын ортаға салды. Олар Жұмабек Тәшенов жайлы тағылымды әңгімелер айтып, тың деректерімен бөлісті. Шараға қатысқан тарихшы, қоғам қайраткерлері Тәшеновтың ұлтқа қызметі мен осы орайдағы ерен еңбегін жалпыұлттық көлемде насихаттау жайын тілге тиек етті. Нұрлан Қыстаубай қайсар тұлға жайлы жырдан үзінді оқыды. Ж.Тәшенов туралы деректі фильм көрсетіліп, оқырман назарына кітап көрмесі ұсынылды.

Кітапхана ұжымы өткізген кеш ер есімін ел жадынан шығармауға бағытталған игі шара болды. Расында, ұлт үшін жасалған ерлік ешқашан ұмытылмақ емес.

Жанар АЙТҚОЖИНА,
Көкшетау қазақ қалалық үлгілі кітапханасының меңгерушісі.

сурет: avatars.mds.yandex.net

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар