Бүгінгі таңда, яғни инновациялар мен технологиялық прогресс дәуірінде, ақылымен, ойымен, қолымен материалдық игіліктер жасайтын, экономиканы алға жылжытатын және біздің өміріміздің жайлылығын қамтамасыз ететін еңбек адамдары ерекше құндылыққа ие болды. Дәл осы тұста, өскелең ұрпақ – Тау-кен техникалық колледжінің студенттері туралы айтуды жөн көрдік. Олар қазірдің өзінде-ақ оқу барысында біздің қаламыздың және өңіріміздің дамуына өз үлестерін қосуда.
Тау-кен техникалық колледжі әрқашан өзінің практикаға бағдарланған дайындығымен танымал болды. Бүгінгі күні белсенді ынтымақтастық аясында қала кәсіпорындарының ақысы төленетін өндірістік практикадан өтуге орын беруі – осы синергияның нақты нәтижелері. Біздің студенттер практикасын «өтеп» қана қоймайды, олар өндірістік процестерге белсенді қатысады, алған білімдерін практикада қолданады және өздерінің кәсіби қабілеттілігін дәлелдейді.
https://www.instagram.com/p/DJjNaNnCvEX/?igsh=MW92d3NzOGxyc3Z5bA%3D%3D
Осы орайда, әсіресе болашақ кеншілерімізді атап өткім келеді. Кеніштер мен карьерлерде жұмыс істеу – бұл білімді ғана емес, сонымен бірге төзімділікті, тәртіпті және командада жұмыс істей білуді қажет ететін күрделі және жауапты міндет. Біздің студенттер бұл қиындықтардан да абыроймен өтіп келеді.
Мысалы, Искандар Дидар мен Симайкин Дэвид. Олар студент кезінде-ақ өздерін «Алтыналмас» АҚ Ақсу кенішінде жақсы көрсетіп, жұмысқа орналасуға шақыру алды. Бұл олардың дайындығы мен біздің колледж шығаратын мамандарға деген сұраныстың жоғары деңгейін көрсетеді.
https://www.instagram.com/reel/Cod8AwToAcE/?igsh=ZzNqeWdjZG94MGZt
Энергетика саласы түлектерінің көрсеткен нәтижелері де мақтануға әбден лайық. Қала кәсіпорындары энергетикалық жүйелердің сенімді және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете алатын білікті мамандарға мұқтаж. Бұл тұста, біздің түлектеріміз биіктен көрінеді, Мысалы, 2023 жылдың түлектері Дик Валерия мен Қабыкен Мадияр қала тұрғындарын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін, біздің қала үшін өмірлік маңызы бар «Степногорск Жылу транзиті» кәсіпорнына жұмысқа орналасқан. Валерия бүгінгі күні жылу балансының жетекші инженері, ал Мадияр есептеу және режим инженері лауазымында қызмет атқарады. Түлектеріміздің нәтижелері – колледжде алған білім мен дағдылар нақты өндіріс жағдайларына тез бейімделуге және жауапты лауазымдарға орналасуға мүмкіндік беретіндігінің айқын дәлелі.
https://www.instagram.com/reel/DG6f0DysTOw/?igsh=ZDZkMmNiNW41MHJu
Біздің студенттер мен түлектеріміздің жетістіктері кездейсоқтық емес. Бұл студенттерге теориялық білім беріп қана қоймай, оларды осы білімді іс жүзінде қолдануға үйретуге, олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және өз кәсібіне деген жауапкершілік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеуге бағытталған колледждің педагогикалық ұжымының мақсатты жұмысының нәтижесі.
Біздің түлектеріміз қаламыздың және еліміздің болашағы екеніне сенімдіміз. Олар жаңа кәсіпорындар құрып, инновациялық технологияларды енгізіп, экономиканың ары қарай дамуын қамтамасыз ететін болады. Біз, Тау-кен техникалық колледжінің оқытушылары, олардың өз елінің кәсіби мамандары мен азаматтары ретінде қалыптасуына өз үлесімізді қосуға мүмкіндігіміз бар екенін мақтан тұтамыз.
Басшының ОТІ жөніндегі орынбасары Дик Ю.С.
![]()

