Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Оркестрдің тілін білген - АРҚА АЖАРЫ

Оркестрдің тілін білген

Жарты ғасыр бойы өз өмірін мәдениет саласымен байланыстырып келе жатқан өнер майталманы, табиғи дарын иесі Сапарғали Ахметжанов киелі сахнада жүріп, талай биіктерді бағындырды.

Өнерсүйер қауымның ыстық ықыласына бөленіп, көптеген дарынды шәкірттерге жол көрсетті, бірқатар өнер ұжымдарының қалыптасуына көмегін тигізді. Қостанай облысының Аманкелді ауданындағы Үрпек ауылында дүниеге келген Сапарғали аға алғаш еңбек жолын мектепте мұғалімдіктен бастады. Аманкелді ауданында алғаш музыка мектебін ашып, осы салада өзі де шыңдала түсті. Қостанай облысының Денисов, Федоров, Таран және Ақмола облысының Жарқайың, Сандықтау, Аршалы аудандарында қазақтың ұлт-аспаптар оркестрлерін ұйымдастырып, ұлттық төл өнерімізді өңір-өңірде жандандыра бастады. Қасиетті қара домбыраны серігі етіп, жүрген жерінде ұлтымыздың асыл мұраларын кеңінен насихаттады. Оның табанды еңбегінің арқасында әр жылдары төрт бірдей қазақтың ұлт-аспаптар оркестрлері халықтық атағына ие болды.
Мәселен, Қостанай облысындағы Аманкелді ауданының мәдениет үйінің оркестрі 1977 жылы халық оркестрі атағына ие болды. 1980 жылы бұрынғы Торғай облысына қарасты Амантоғай аудандық мәдениет үйінің оркестрі де дәл осы марапатқа лайық болды.  Осы сияқты, Сәпең жетекшілік еткен Астана қаласындағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясының оқушыларынан құралған ұлт-аспаптар оркестрі де 2001 жылы халықтық деген атақты жеңіп алды. Астана қаласындағы гуманитарлық колледж студенттерінің қазақ ұлт-аспаптар оркестрі тура осындай абырой биігінен көрінді.
Бүгінде ағамыздан тәлім алған жүздеген шәкірттер еліміздің әр аймағында өзгелерді өнерге баулып, ұлттық құндылықтарымызды, мәдени мұраларымызды насихаттай түсуде. Сапарғали ағаның шәкірттерінің арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері, мәдениет қайраткерлері бар. Мұндайда Сәпең: «ұстаздан шәкірт озды деген осы», – дейді.
Өнерпаз шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаздың еселі еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қостанай облысының Құрметті азаматы атанды.
Бүгінде жетпіс жасты еңсерген Сапарғали аға ата-бабамыздың асыл мұраларынан нәр алып, сахна шеберлерін ән-күйге баулыған  нағыз қазақ өнерінің жанашыры. Қажырлы еңбек иесіне алда да осы бетіңізден таймай, өнер биігінен көріне беріңіз дегіміз келеді.

Руслан МАХАНОВ,
Аршалы аудандық тілдерді оқыту
орталығының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар