Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жалған ақша жасау тиылмай келеді - АРҚА АЖАРЫ

Жалған ақша жасау тиылмай келеді

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінде өңірлік кәсіпкерлер палатасы және «Ұлттық банк» акционерлік қоғамы облыстық филиалы өкілдерінің қатысуымен жалған ақша жасаушылармен күресу тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

 

Шарада айтылғандай, 2016 жылы мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің өндірісінде жалған ақша фактісі бойынша 42 қылмыстық іс болған. Оның ішінде жиырма алты іс өткен жылы тіркелген. Аталған департаменттің көлеңкелі экономикаға қарсы күрес басқармасының басшысы Айдос Жетпіспаевтың айтуынша, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша облыс аумағында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен айналымнан барлығы 25 жалған ақша купюралары алынып отыр.
– Оның ішінде 16 данасы 2000 теңге, 1 данасы 1000 теңге, 2 данасы 5000 теңге, 3 данасы 10000 теңге, 3 данасы 100 АҚШ доллары. Алынған жалған ақшалардың басым бөлігі 2000 теңгелік  купюралар болып келеді, яғни, 2016 жылдың 12 айы бойынша 25 жалған ақшаның ішіндегі 16-сы 2000
теңгелік купюра,  –  деді Айдос Жетпіспаев өз сөзінде.
Шара барысында тұрғындардың тауар сатып алу немесе ақша төлеу кезінде сақ болу жөнінде де сөз қозғалды. Жалған ақша жасаушылар осындай сәттерді пайдалануға тырысады. Күмәнді жалған ақшаны байқаған сәтте,  дереу облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің 25-14-88 немесе 25-45-51 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Сонымен қатар, брифингте «Ұлттық банк» акционерлік қоғамы облыстық филиалының аға сарапшысы Светлана Гаркина және өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Жанна Әбішева сөз алып, жалған ақшаның экономикаға қаншалықты зиян келтіретінін және оны қалай анықтау керектігін айтып берді.
Жалған ақша жасау мемлекеттің экономикалық негіздеріне нұқсан келтіретін қылмыстың айрықша қауіпті түрі саналады. Жалған ақша жасауға қарсы іс-әрекет мемлекеттік маңызы бар міндет және оның дұрыс жүзеге асырылуы ел беделі мен ұлттық валютамызға деген сенімнің кепілі болмақшы.
 Аслан Оспанов.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар