Жұмыс кеңесі.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары Мұрат Балпанның төрағалығымен Шортанды ауданында өсімдіктерді қорғау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Агрономиялық кеңес барысында өсімдіктерді қорғау саласындағы ағымдағы жағдай, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өнімділікті арттыру бағытында қабылдап жатқан шаралары талқыланды.
Кеңесте агротехникалық іс-шараларды белгіленген мерзімде жүргізу мен өсімдік шаруашылығына заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Мұрат Балпан өз сөзінде аграрлық сектордың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Ол ауа райының қолайсыз жағдайларына қарамастан, ауыл шаруашылығы еңбеккерлері әр жылы осы салада жоғары жауапкершілік пен кәсібилік танытып отырғанын айтты.
Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.
![]()

