Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Мәжіліс депутаттары аудан тұрғындарымен кездесіп, маңызды құжатты түсіндірді - АРҚА АЖАРЫ

Мәжіліс депутаттары аудан тұрғындарымен кездесіп, маңызды құжатты түсіндірді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ирина Аронова мен Ирина Унжакова аудан тұрғындарымен кездесіп, оларға Елбасының конституциялық заңдарға өзгертулер енгізуге байланысты реформасын және «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбындағы ел халқына арнаған биылғы Жолдауын түсіндіріп, жаңғырудың екі кезеңінде қол жеткен жетістіктер үшінші кезеңде жалғасып, дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылуға барша қазақстандықтар аянбай үлес қосатындықтарына  сенім білдірді.

 

Халық қалаулылары жұмыс сапары барысында ең алдымен, аудандық мәдениет үйінде жұртшылықпен кездесіп, жоғарыда атап өткен мәселелерді жан-жақты талқылап, түсіндіріп берді. Ирина Аронова басты құжаттың мән-маңызына тоқтала келіп, «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын, онлайн сауда, 3Д принтинг, мобильді банкинг сияқты желілік жүйелерді іске асырып, қолданудың уақыты келгендігін ерекше атап өтті. Себебі, қазіргі таңда барлық елді мекендер Интернетке түрлі әдіс-тәсілдермен қосылып, электронды жүйені меңгеріп қалғандығын айтты. Қазақстандықтардың бейімделгіш қасиеті жоғары екендігіне назар аударды. Жолдауда келтірілген тапсырмалар мен міндеттерді атқару барысында халықтың мүдделі, жауапты органдар мен мекемелерге барынша көмек көрсететіндіктеріне сенім білдіріп, Елбасының тапсырмаларын жүзеге асыруда бар күш-жігермен еңбек етуге шақырды. Жиынға аудан жастары, ардагерлер, аудандық мәслихаттың депутаттары, кәсіпорындардың басшылары мен жұмысшылары, селолық округтердің әкімдері, білім саласының қызметкерлері,  аудан тұрғындары қатысты.
Аудан тұрғындары кездесуде көкейінде жүрген тұрғын үй құрылысы, жаңа өркендеу моделінде білім берудің орны және еңбек нарығына сәйкес кәсіби еңбек күштерінің қалыптастырылуының кадрлық сая-саты, медициналық сала,  әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өздерінің ой-пікірлерін айтып, сұрақтар қойды. ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттары тұрғындардың барлық сауалдарын тыңдап алып, заң шеңберінде және мемлекеттік бағдарламаларға сүйене отырып, жан-жақты жауап беріп, кейбір мәселелерді өздерінің жеке бақылауларына алды.  
Жиынды аудан әкімі Азамат Тайжанов қорытындылап, аудан тұрғындары Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруда еселі еңбектерімен үлес қосып, қолдау көрсететініне сенім білдірді. Сондай-ақ, Аршалы аудандық мәслихатының депутаты, №2 мектептің директоры И.Слабодянюк аудан халқы атынан ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаттарына жан-жақты толық ақпараты, тұрғындармен конструктивті диалогы үшін алғыс білдіріп,  Елбасымыздың Жолдауын аршалылықтар толықтай қолдайтынын  жеткізді.
Бұдан соң ел игілігі үшін халық арасында түсіндіру-насихат жұмысымен жүрген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары аудандық орталықтандырылған аурухананың қызметкерлерімен кездесіп, аталған мәселелер бойынша түсіндіру насихат жұмыстарын жүргізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар