Менің екі мұғалімім

Зеренді  ауданы Ортақ орта мектебінің ұстаздары Мәнуза Қаниқызы Естаева мен Мәрзия Мағзұмқызы Мағзұмоваға арнаймын

Сіздерменен мақтанамын, сіздерменен шаттанамын,
Сіздердің де шуағыңыз, қуанышпен атса таңым.
Жолықтырды сіздердей бір кереметті маған жолым,
Әйтпесе, мен өмірде ұстазымды таңдамадым.

Менің екі мұғалімім, бір-бірінен аумайтұғын,
Білім десе, бала десе, қандай ғажап самғайтының.
Өсірдіңіз жылдан-жылға, балапанды мына біздей,
Қысы-жазы шәкіртім деп, таң атқаннан алмай тыным.

Менің екі мұғалімім, бөлмеймін мен сіздерді,
Тауға бастап шығардыңыз, жетелеумен көп біздерді.
Жаным менің тек сіздерге, ұқсап мына тірлігінде,
Ізгілікті, кісілікті айналамнан көп іздеді.

Менің екі мұғалімім, мен сіздерге бас иемін,
Әдебиет сабағының ұқтырған сан қасиетін.
Балама да ұстазыңды қадірле деп мына өмірде,
Айтып жүрер, айтып кетер, ең басты бір өсиетім!

Қайырбай ТӨРЕҒОЖА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар