Ауылға су құбыры тартылуда

Заң және тәртіп

Прокуратура органдарының қайтарған активтері Зеренді ауданының Ақадыр ауылы тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталды.

Осы қаражат есебінен жалпы ұзындығы 12 шақырым болатын су құбыры желілерін және су алу құрылыстарын салу жүзеге асырылуда.Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары ауыз суды пайдалануда қиындықтарға тап болып отыр. Су құбыры пайдалануға берілгеннен кейін 500-ден астам тұрғын орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады.

Мердігер ұйым жұмыстың сапасын қамтамасыз етуге және белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауға баса назар аударып отыр.Құрылыс барысы мен қаражаттың мақсатты жұмсалуы облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар