Самаладый жарық — көңіл хошы

Астана іргесіндегі Қоянды ауылында елді мекенішілік және кіреберіс жолдарды салу жобасы жүзеге асырылуда.

Жобаны мердігер ұйым – «АБК Автодор НС» ЖШС іске асырып жатыр. Компания асфальт-бетон жамылғысын төсеу, нөсер және еріген қар суларын бұру үшін еңіс қалыптастыру, арықтар мен науаларды орнату, сондай-ақ, абаттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Жоба басталғалы Жүнісов көшесінің шамамен 4 шақырымына асфальт төселді, оның 2 шақырымы төрт жолақты қозғалысқа арналған. Республика күні қарсаңында тұрғындардың жүріп-тұруын жеңілдету және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында осы көшеде көше жарығы іске қосылды.

Сонымен қатар, Жарлыкөл ауылдық округінде көшелердегі жарықты жаңарту жұмыстары атқарылды. Жаңа жарық шамдар Жалғызқұдық ауылындағы 5 көшеге де орнатылды. Сондай-ақ, Жарлыкөл ауылында ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын Достық көшесінің жарығы жаңартылды.

Аталған шаралардың жүзеге асырылуы тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылық деңгейін арттыруға, кешкі және түнгі уақыттағы жол-көше қозғалысына қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ, елді мекендердің бет бейнесін жақсартуға мүмкіндік береді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар