Көкшетау қаласында мүгедектігі бар адамдар мен қозғалысы шектеулі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл жұмыс барлық әлеуметтік маңызы бар нысандарға тең жағдай мен қолайлы қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.
2024 жылы «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасын іске асыру аясында қала тұрғындары үшін маңызды 24 нысанды бейімдеу жоспарланған болатын. Бүгінгі таңда олардың барлығы қолжетімділік талаптарына толық сәйкес келтірілді.
Жүргізілген жұмыстардың аясында пандустар мен тұтқалар орнатылып, кіреберіс топтар мен санитарлық бөлмелер бейімделді, сондай-ақ барлық азаматтардың қауіпсіз және ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған басқа да жұмыстар атқарылды.
«Кедергісіз келешек» жобасын жүзеге асыру қаланың инфрақұрылымын жақсартып қана қоймай, әрбір адам физикалық мүмкіндіктеріне қарамастан, қоғамның әлеуметтік, білім беру және мәдени өміріне белсенді қатыса алатын инклюзивті қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.
![]()

