Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаевтың айтуынша, елімізде бүгінгі таңда интернетті дамыту өте жоғары деңгейде.
Барлық облыс орталықтарында дерлік 4G стандартты ұтқыр интернет жұмыс жасайды.
Әрине, жетілдіруде шек жоқ. Жекелеген мәселелер туындайды. Біз осы мәселелермен тығыз айналысудамыз. Мысалға, қазір бүкіл Қазақстан бойынша радиожиілікті станциялар салып жатырмыз. Бұл цифрлық телерадио хабар таратуға көшуге мүмкіндік береді, ал, бос қалған жиіліктерді ұялы байланыс операторларына береміз, – деді министр.
Осылайша ұялы байланыс және ұтқыр интернет сапасы жақсаратынын министр сеніммен айтты.