– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.
– Бірінші кезекте Премьер-министр Олжас Бектенов баяндама жасайды. Еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және Үкіметтің биылға арналған жоспары туралы айтады. Цифрландыру үдерісі және жасанды интеллектіні енгізу мәселесіне Премьер-министрдің орынбасары Жаслан Мәдиев тоқталады. Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақша-несие саясаты және инфляцияны төмендету шаралары туралы баяндайды, — деді кеңейтілген отырысты ашқан Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, жиында еліміздің 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, Үкіметтің алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттері айқындалады.
Тегтер: Үкімет Қазақстан Президенті Экономика Цифрлық Қазақстан
Марлан Жиембай
Фото: Ақорда
https://kaz.inform.kz/news/ukmettn-keneytlgen-otirisi-bastaldi-3bb685/
Дереккөз: kaz.inform.kz
![]()

