Ардақты ақмолалықтар! Қадірлі жерлестер!
Баршаңызды күллі мұсылман қауымы үшін қастерлі, рухани тазару мен кемелденудің бастауы – қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!
Рамазан – тек құлшылық айы ғана емес, төзім мен сабырдың, мейірім мен жанашырлықтың биік мектебі. Бұл айда әрбір адам өз ісіне есеп беріп, жан дүниесін жаңғыртуға, айналасына жақсылық нұрын шашуға ұмтылады.
Біздің облысымыз – көпұлтты, ынтымағы жарасқан, киелі өңір. Халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді. Қасиетті айда жасалатын қайырымдылық шаралары мен ауызбіршілікті айшықтайтын игі істер қоғамымыздың тұтастығын одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз.
Әсіресе, өскелең ұрпақтың бойына еңбекқорлық, адалдық, Отанға деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттерді сіңіруде Рамазан айының тағылымдық мәні зор.
Ақмола облысының әрбір тұрғыны өз еңбегімен, парасат-пайымымен туған өлкеміздің гүлденуіне үлес қоса беретініне сенімдімін.
Рухани жаңару айындағы барша игі бастамаларымыз ел игілігіне қызмет етсін. Әр шаңыраққа береке-бірлік, зор денсаулық пен амандық тілеймін!
Рамазан айы құтты болсын!
сурет ru.pngtree.com сайтынан.
![]()

