Міндеттерді орындап, су тасқынына дайын болайық

ƏКІМ – ЕЛ ІШІНДЕ

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Зеренді ауданында жұмыс сапары барысында өңір активімен жиналыс өткізді.

Аудан әкімі Әсет Құрманғожин 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын таныстырып, ауыл шаруашылығындағы оң серпінді атап өтті. Өнім көлемі 100,3 миллиард теңгені құрады, дәнді дақылдардан – 501,7 мың тонна рекордтық өнім жиналды, майлы дақылдардың егістік алқабы ұлғайтылды. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемінің азаюы «Алтынтау Көкшетау» АҚ кәсіпорнында алтын өндірудің қысқаруымен байланысты болды.

Сондай-ақ, жиналыста көктемгі су тасқынына дайындық мәселелері қаралды. Елді мекендерде арықтар тазартылып, төрт көпір орнатылды, 12 тоннадан астам қар шығарылды, жанар-жағармай қоры жасалып, қаптарды қаптау жұмыстары одан әрі  жалғасуда.

– Қар шығару жұмыстарын жандандырыңыздар, тұрғын үйлердің су басуына жол беруге болмайды. Апат қаупі бар өзен учаскелерінде азаматтық қорғау органдарымен бірлесіп, уақытылы жарылыс жұмыстарын жүргізуді тапсырамын. Қосымша инженерлік және су сорғылау техникасын тарту, қажетті заттармен эвакуациялық пункттерді дайындау, дәрігерлер мен психологтардың кезекшілігін ұйымдастыру қажет, – деді Марат Ахметжанов.

Сонымен қатар, аудан әкіміне мердігер ұйымдардың әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандардың құрылысын уақытында және сапалы аяқтауына бақылауды күшейту тапсырылды. Бұдан бөлек, шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстарын жандандыру, бюджет қаражатын тиімді және сапалы пайдалану, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу қажет.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар