Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмысшы мамандар жетіспеуде - АРҚА АЖАРЫ

Жұмысшы мамандар жетіспеуде

Облыс орталығындағы  «Диас» тігін фабрикасы бұрын Комсомолдың 40 жылдығы атындағы тігін фабрикасы атауымен кеңінен танымал болатын. Қазір оның бұрынғыдай қарқыны жоқ.

Дегенмен, меншік түрі өзгергеннен кейін басқа кәсіпке бет бұрған көптеген кәсіпорындардай емес, мұнда бұрынғы өндірісті сақтап қалуға талпынуда. Қазір фабрикада жылына бірнеше миллион теңгенің тапсырыстары орындалады. 200-ден астам адам еңбек етеді. Өндіріс бағыты – ведомстволар мен кәсіпорындардан келіп түскен тапсырыстардың негізінде жұмыс істеу.
– Күрмеулі мәселелер аз емес. Соның бірі – кадрлардың жетіспеуі, өңіріміздің оқу орындары ательелерде еңбек ететін тігіншілерді даярлайды, ал, бізге толассыз өндірісте жұмыс істейтін тігіншілер қажет. Оларды қайта даярлауға тура келеді, – дейді кәсіпорын басшысы Хасен Қажыбаев.
Бүгінде кәсіпорынның осы мәселелері  кәсіпкерлер палатасының көмегімен  шешілуде. Соның арқасында фабрикада дуальдық оқыту жүйесі енгізілуде. Бұған қоса, кәсіпкерлер палатасының ықпалымен фабрика Қорғаныс министрлігінен тапсырыс алды. «Диас» бүгін дамудың жаңа бағытын ұстанып келеді. Қосымша екі цех ашылмақшы. Бұл  тағы 120 адамның жұмыспен қамтылуына мүмкіндік береді. Қазақстанның Бірыңғай экономикалық одаққа кіруіне байланысты жергілікті тігіншілер мен тоқымашылар алдында Ресей мен Беларусь нарығын игеруге үлкен мүмкіндіктер ашылуда. Енді
фабрика құны қымбат болғанымен, осы заманғы озық жабдықтар  сатып алу үшін «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасына  қатысуға ниет білдіріп отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар