Ауыл шаруашылығы саласына инвестициялар тарту баяулап тұр

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың төрағалығымен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өтті.

Іс-шараға аудан және қала әкімдері, сондай-ақ, басқармалардың басшылары мен «Көкше» ӘКК өкілдері қатысты.

18 миллиард теңге көлеміндегі қолжетімді кредит қаражаты есебінен жаңа тауарлы-сүт фермаларын құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту бойынша 8 жоба қаржыландырылды. Бүгінгі күні 5,8 мың басқа арналған 6 тауарлы-сүт фермасы іске қосылып, бұл өңірдегі сүт өндірісінің 28 пайызға өсуін қамтамасыз етті. Барлық фермаларды толық қуатында іске қосу жылына тауарлы сүт өндірісін 48 мың тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

– Өңірде ауыл шаруашылығына жеңілдетілген кредит беру мен инвестициялар тарту жұмыстары әлсіз жүргізілуде. Инвестициялық белсенділік деңгейі өңірдің даму көрсеткішін әрі оның отандық және шетелдік бизнес үшін тартымдылығын айқындайды. Біздің негізгі міндетіміз – облыста қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырып, инвесторлар үшін қажетті жағдай жасау, – деп атап өтті өңір басшысы өз сөзінде.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақовтың айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуға салаға 125 миллиард теңгеден астам қаражат тартылған. 2026 жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешеніне инвестициялар тарту бойынша жоспарлы мақсатты көрсеткіш 159,4 миллиард теңгені құрайды.

Кеңесте сондай-ақ, агроөнеркәсіп саласында кредит беру және жобаларды іске асыру жұмыстары төмен деңгейде жүргізіліп отырған өңірлер атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына инвестициялар өсімінің оң қарқынын қамтамасыз ету, сондай-ақ, барлық инвестициялық жобалардың уақытылы іске асырылуын және олардың сүйемелденуін бақылауда ұстау тапсырылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар