Құрметті Көкшетау қаласының тұрғындары мен қонақтары!

2026 жылғы 10 шілдеде, сағат 09.30-дан 14.00-ге дейін Көкшетау қаласында «Көкшетау» мәдениет сарайының алдындағы алаңда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді.

Іс-шара отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Ақмола облысының Кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ұйымдастырады.

Көрмеде тамақ және жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс индустриясы және басқа да салалар кәсіпорындарының алуан түрлі өнімдері ұсынылады.

Келушілер азық-түлік өнімдері мен басқа да бұйымдарды нарықтағы бағадан төмен бағамен сатып ала алады.

Сонымен қатар, іс-шара аясында тегін лотерея ойнатылады! Тегін лотереяға қатысушылар бағалы сыйлықтарды ұтып алу мүмкіндігіне ие болады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар