Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жемқорлық оңай беріле қоймайды - АРҚА АЖАРЫ

Жемқорлық оңай беріле қоймайды

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік қызмет істерін бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің директоры Қуаныш Жапақов және агенттіктің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Берген Беспалинов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында баяндап берді.

  Брифингте Мемлекеттік қызмет істерін бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің директоры Қуаныш Жапақов ведомствоның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында кең көлемді жұмыстар атқарып жатқандығын атап өтті. Мемлекеттік мекемелерден бас-тап, әкімдіктерге дейін осындай жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні жаңадан құрылған екі министрліктен басқа барлық атқарушы органдарда осы мақсаттағы жұмыстар толыққанды жүргізіліп жатыр. Осы орайда, республикада еңбек етіп жүрген 91 мыңнан астам мемлекеттік қызметшіні қамтыған сыбайлас жемқорлық іс-қимылдарына жол бермеу мен оның алдын алу мәселелері бойынша кездесулер мен жиындар өткізілді. Қазіргі таңда бұл жұмыстардың екінші кезеңі «ЖОО-дан ЖОО-ға дейін» науқаны басталды.  
–Елбасының биылғы Жолдауында сыбайлас жемқорлықпен күресте нәтижеге жету қоғамның белсенділігіне байланысты екендігі атап көрсетілген еді. Осы орайда, біз қоғамның барлық өкілдерін осы жұмысқа жұмылдырып отырмыз. «Парасыз – болашақ» мобильдік топтары еліміздің барлық аймақтарында жүзеге асырылып жатыр. Осы акцияның шеңберінде еліміздің мемлекеттік мекемелерінде, өндіріс орындарында ұжымдармен кездесулер ұйымдастырылып, кәсіпкерлерге, мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлықтың қатерлі қоғамдық кесел екендігі түсіндірілуде. Алғашқы нәтижелер де көрінуде. Азаматтар сыбайлас жемқорлық оқиғаларына қатысты құзырлы органдарға хабарлауда. Гонконгтың тәжірибесінен алынған «Есіктен есікке дейін» акциясы басталды. Енді алдағы уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына, су, электр, жылу жүйелерінің есептік қағаздарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған жарнамалар қоса берілмек, – дей келе, мемлекеттік қызметшілердің әдебіне, заңнамалық нормалар мен заңдарды сақтауына қатысты мәселелерге назар аударды.
Агенттікке азаматтар өз құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің үстінен шағымданып жатады. Бірақ, сол шағымданушылардың 42 пайызының ғана құқығы қорғалыпты. Бұның себебі азаматтар шағымдарын оқиға өткеннен кейін кешіктіріп жіберетіндіктерінен екендігін атап өтті департамент директоры. Сонымен қатар, шағымданушылардың кейде құқық бұзған адамды әкімшілік жауапкершілікке тартуына қанағаттанбай оны жұмыстан кетіру мақсатында қайта шағымданып жататын жағдайлары да болады екен.
Департамент директоры мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінде мемлекеттік қызметшілерге «ананы жасауға болмайды, мынаған тыйым салынады, оған жол берілмейді» деген сияқты шектеулердің көптігіне, ал азаматтар шағымданғанда, консультациялық кеңестер сұрағанда «былай істеу керек» деп көрсетілетін нұсқаулықтардың жоқтығына назар аударды. Қазіргі уақытта бұл мәселе агенттікте қаралып жатыр екен. Бұл толықтырулар мемлекеттік қызметшілердің жұмысын жетілдіре түсуі мүмкін.   
Облыстың департамент басшысы Берген Беспалинов «Есіктен есікке дейін» деп аталатын кең көлемді акция жақын арада біздің облыста да бастау алатындығын айтты. Бұл біздің облыс тұрғындарының азаматтық ұстанымдарын жоғарылатуға көп көмегін тигізетіндігіне сенім білдірді. Акция облыс орталығын ғана емес, өңірдің барлық аудандары мен қалаларын, елді мекендерін түгел қамтымақ. Сонымен бірге, ол жоғары және орта арнаулы оқу орындарымен алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықпен күресу жолында іс-шаралар ұйымдастыруға бағытталған меморандумдар жасалатындығын да атап өтті. Қазіргі уақытта тек Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен меморандумға қол қойылыпты. Меморандумдар аясында тараптар Елбасының міндеттеген тапсырмалары мен осы бағыттағы стратегиялық бағдарламаларын жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілердің әдебіне бақылау жасау да өңірдегі департаменттің назарында. Себебі, мемлекеттік қызметке халықтың сенімін арттыруда олардың атқаратын рөлі зор.   
Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар