Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Облыс әкімі инвесторлармен кездесті - АРҚА АЖАРЫ

Облыс әкімі инвесторлармен кездесті

Таяуда облыс әкімі Мәлік Мырзалин инвесторлармен кездесулер өткізді. Алдымен өңір басшысы «BI Group»  компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаевпен кездесті. Тараптар Ақмола облысының құрылыс саласына қатысты ынтымақтастық мәселесін қозғады.  Атап айтқанда, тұрғын үйлер, Щучье-Бурабай курортты аймағын дамыту жоспары аясында салынатын жолдардың құрылысы тәрізді мәселелер талқыланды.    

Өңір басшысы Мәлік Мырзалин «ВAKConsultingEngineers» америка-оңтүстік корея-түрік консорциумының өкілі Фахим Ел-Хоримен жүздесіп, облыс орталығында жылу электр станциясын салу мүмкіндіктері туралы сөз қозғады
–Бүгiнгi күнi облыстың әлеуметтiк-экономикалық жағынан қарқынды дамуы үшiн облыс орталығында  жылу электр станциясын салу өте маңызды. Бiзде жобаның бекiтiлген техникалық-экономикалық негiзi бар. Ендi қаржыландыру тетiктерiн нақтылап, энергетика саласында осыған ұқсас жобаларды жүзеге асыруда тәжiрибесi бар мердiгерлердi қарастыратын боламыз, – дедi Мәлік Кеңесбайұлы.
Өз кезегiнде «ВAKConsultingEngineers» консорциумының басшысы Фахим Ел-Хори облыс басшысына жылы қабылдауы үшiн алғысын айтып, соңғы жиырма бес жыл көлемінде энергетика саласында осыған ұқсас жобаларды жүзеге асырып, мол тәжірибе жинақтағандықтарын жеткізді.  
Кездесу соңында өңір басшысы  өзара ынтымақтастыққа ниет білдірген инвесторларға  Ақмола өңірінде бөгесін жоқ екендігін айтып өтті.   
Аталмыш жобаны жүзеге асыруға бірқатар шетелдiк компаниялар қызығушылық танытуда. Көкшетау қаласында қуаты 180 МВт (электр) және 450 Гкал/с (жылу) жылу электр станциясын салу ескi жылу қазандықтарын ауыстыруға және тұрғындарды жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк тудырады.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар