Өнерге құштар өрендер

Орыс драма театрында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Жұлдызай-2017» облыстық фестивалі болып өтті. 

 

Вокалдық орындау мен хореографиялық би,  тілінде мүкістігі бар және есту, көру  қабілеті нашар  балалар үшін іс-қимылдар арқылы ән орындау, аспаптарда ойнау деген  аталымдары бойынша  облысымыздың әр өңірінен келген 200-ге жуық жас дарындар өзара бақ сынады. Аталмыш байқауға есту, көру қабілеттерінен айырылған,  жалпы және орта арнайы мектептерде оқитын айрықша санаттағы балалар қатысты.  
Көкшетау қаласындағы психологиялық дамуында тежеуі және интеллектуалдық бұзушылықтары бар балаларға арналған облыстық №1 арнайы түзеу мектеп-интернатының 9 сынып оқушысы   Альбина Әлібекова «Менімен биле» әнін әсерлі орындаса,  Бурабай ауданынан келген  Оқжетпес орта мектебінің 6 сынып оқушысы Әлібек Мұқанов «Батырлар ұраны» әнімен патриотизмнің жарқын үлгісін  ән арқылы көрсете білді.  
Аталмыш кеште  жас дарындардың өнерін  тамашалаған  Қазақстан эстрадасының  жұлдызы Бейбіт Қорған: –  Өнер – әділеттің алаңы. Бұл  байқау   мен барып жүрген іс-шаралардан  ерекше болды,  – деп жас өрендерге  ізгі тілегін білдірді.   Ал,  фестивальді тамашалауға келген Ирина Порхоменка есімді қала тұрғыны: –  Мүмкіндігім шектеулі деп өмірден налығандықты емес, керісінше әр қатысушының көзінен от пен жігерді  көрдім және осындай  балалар  басқа  да адамдарға    үлгі, –  деді.
Енді  осы байқауда өнерлерімен ерекше көзге түскен балалар   биылғы  жылдың  бірінші маусымында Алматы қаласындағы Республика сара-
йында өтетін гала-концертке қатысатын болады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар