Жастар да әріден ой толғай біледі

А. Мырзахметов  атындағы Көкшетау университетінде «ЭКСПО-2017»халықаралық мамандандырылған көрмесіне  орай III дәстүрлі «Үш би» республикалық пікірсайыс турнирі болып өтті.

 

Турнирге Астана, Қостанай, Қарағанды, Орал, Ақтөбе  қалаларынан келген 40 команда қатысты. Пікірсайыс  екі  тілде  өткізілді.
Турнирдің қорытындысы бойынша бірінші орынды Қарағанды қаласынан келген  «Ойлан, тап»  және  Астана қаласының «Опатоп» командалары  жеңіп алды. Ал, екінші орынға «Ұлы парасат жауынгерлері» мен   «Задоринки» командасы  ие болды.  Үшінші орынды Астана қаласынан келген  «Сыңба бауырым»   мен «Кокшетауские пряники» командалары өзара бөлісті.  Ойын барысында   өзінің  тапқырлығымен   көзге түскен  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Бауыржан Әшірәлі мен
Назарбаев Университетінің студенті Алексей Швырко  үздік спикер атанды.  Турнирдің үздік төрешісі  болып  Диан Айбашпанов пен  Өтеміс Ғалымжан   танылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және  бағалы  сыйлықтармен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар