Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сәлима әже 100-де - АРҚА АЖАРЫ

Сәлима әже 100-де

Облыс орталығының іргесіндегі  Краснояр селосының қарт тұрғыны Сәлима Әлиеваны  Көкшетау қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Шияп Әлиев пен қалалық мәслихаттың хатшысы  Бауыржан Ғайса үйіне барып, амандық-саулығын біліп,  құттықтап шықты.

 

Сәлима әжей  100 жылдық ғұмырының ішінде тағдыр-талайы пешенесіне жазған ащылы-тұщылы өмірдің бәрін көрген. Жастық шағы қиын-қыстау уақытпен тұспа-тұс келген. Әсіресе, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ел басына төнген ауыртпалықты бұл кісі де арқалаған. Ер-азаматтың бәрі қолына қару алып, қияндағы майдан даласына аттанған кезде тылдағы тынымсыз жұмыстың кәтепті қара нарға жүк болар зіл салмағын тал шыбықтай бұралған әйелдер көтергені белгілі.  Егін де екті, мал да бақты олар. Таусылып бітпес қоғамдық жұмыстарды қиналса да қайыспай атқара білген абзал аналар сан шаруаның басын қайыра жүріп, шиеттей бала-шағаларын да өсірді.
Сәлима әжей жарық дүниеге 12 бала әкелген екен. Қазір сол перзенттерінің 5-еуінің  көзі тірі. Бауыр еті балалары сыйлаған 23 немере мен осынша шөберенің ортасында қарт әже асыл қазына іспетті.
Қазір Ғабдылжан есімді немересінің қолында тұрады. Қабаққа кірбің ұялататын бір жай, баспананың жоқтығы. Әзірге жалдап тұрады. Бір ауыз сөз адам жанын семіртеді емес пе. Ел билігіндегі азаматтардың өзін елеп-ескеріп, табалдырығын аттағанына ғасырмен құрдас әже арқа-жарқа болып, қуанып қалды.
 
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар