Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан Президентіне Ішкі істер министрі қылмыстық ахуал және жергілікті полиция қызметін одан әрі реформалау аясында қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады, сондай-ақ, түзету мекемелерінің жағдайы мен Ұлттық ұланның жұмысы туралы мәлімдеді.
Бұдан бөлек, Қ.Қасымов су тасқынына байланысты ахуал және Астана мен республика облыстарында төтенше жағдайдың алдын алу бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар жайлы хабардар етті.
Елбасы су тасқынынан зардап шеккен барлық өңірлердің жағдайы мен тіршілігін қалпына келтіру үшін кешенді іс-қимылдарды жүзеге асыруды тапсырды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
akorda.kz.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар