Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Биыл қай орыннан көрінеміз?.. - АРҚА АЖАРЫ

Биыл қай орыннан көрінеміз?..

Облыстық мәслихаттың хатшысы, Қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрлан Нұрмолдиннің төрағалығымен өткен кеңес отырысында  облыс мектептерінің ұлттық бірыңғай тестілеуде көрсетіп жүрген білім сапасы қаралды.

Оқушылардың жаңа форматтағы ҰБТ-ға дайындығы республика көлемінде талқыланып жатқан бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Отырыста облыстағы білім беру сапасы мен ҰБТ көрсеткіштерін саралау жөнінде Қоғамдық кеңес жанынан құрылған комиссия жұмысының қорытындысы жайында оның төрағасы Сағынтай Елубаев баяндады.
Комиссия облыс орталығындағы білім ордаларына барып, ондағы мектеп бітіруші оқушылар мен мұғалімдердің ҰБТ-ға дайындығымен танысқан. Оқушылардың сынаққа психологиялық және білім сапасы бойынша дайындығына қатысты арнайы сауалнама жүргізіліпті. Нәтижесінде оқушылардың 27 пайызы ғана емтихандар мен тестілеуден қорықпайтындығын айтса, қалғандары іштей қорқып, толқып жүрген көрінеді. Білім сапасына келер болсақ, мектеп бітірушілер сабақтан тыс уақытта болашақ мамандық алуына қажетті пәндер бойынша арнайы ақылы дайындықтарға баруда. Сонымен қатар, комиссия төрағасы мектеп бітірушілердің оқуды аяқтаған соң көбінесе Ресейдің жоғары оқу орындарына түсуге ынтасы болып, кейін олардың басым бөлігі сол жақта қалып қойып жатқандығы жайына тоқталды. Осы тұрғыдан біраз жұмыстар жүргізу қажеттігін ескертіп, білім сапасы мен ҰБТ нәтижесін республикалық көрсеткіштер рейтингісінде былтырғы жылғы 15-інші орыннан жоғары көтеруге бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
Күн тәртібіне орай, облыстық білім басқармасының басшысы Балым Ізбасарова баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше, облыста 4311 мектеп бітіруші болса, олардың 3126-сы ҰБТ тапсырады деп күтілуде. Мектептерде соңғы өткен алдын ала тестілеу облыс бойынша 80 балдың төңірегін көрсетіп отыр. Бұл – облыс тағы былтырғыдай ҰБТ-да көш соңының бірінде қалмай ма деген ойға жетелейді. Қоғамдық кеңес мүшелерін осы мәселе, сондай-ақ, мектеп түлектерінің едәуір бөлігінің Ресей жоғары оқу орындарына оқуға түсіп, сол жақта қалып қоятындығы, балалардың ата-аналары ұл-қыздарының тестілеуден өтуі үшін қосымша репетиторлар жалдайтыны толғандырды.   
– Ата-аналардың балаларын ақылы курстарға қатыстырып, білімдерін көтеруін мұғалімдер беріп жатқан білім деңгейіне сенімсіздік таныту деп түсінбеу қажет. Республика бойынша ҰБТ рейтингісінде алғашқы орындарда тұрған Алматы мен Астана қалаларының түлектері де осындай қосымша дайындық курстарына баратындарын жоққа шығармайды, – деді бұл орайда Балым Ізбасарова.
Соңғы үш жыл ішінде 13185 оқушы мектеп бітірсе, оның 1790-ы басқа мемлекеттерге оқуға кеткен. Облысқа келіп, өз оқу орындарына жастарды тарту Ресей жағынан жақсы жолға қойылған. Сондықтан, отырыста біздің жақтан да тым болмаса, ондағы қазақ диаспорасының өкілдеріне осындай қамқорлық таныту мәселесінің көтерілуін өте орынды деп білеміз. Шет елге оқуға кетіп жатқан балалардың көбі мектепте жақсы білім алғандар. Солар өзіміздің елдің бір кірпішін болса да қалауға қажет емес пе?! Жастарымыздың өз жоғары оқу орындарымызға түсуі үшін мектеп мұғалімдері тек оқушылармен ғана емес, олардың ата-аналарымен де жұмыс істеуі қажет деген пікірлер білдірді кеңес мүшелері. Көкшетау қаласындағы №18 орта мектептің директоры Жақсылық Қуанұлының қосымша баяндамасын тыңдаған Қоғамдық кеңес облыста ұлттық бірыңғай тестілеу көрсеткішін жақсартуға бағытталған ұсыныстар қабылдады. Қоғамдық кеңесте мұнымен бірге, бірқатар департаменттер мен басқармалардың нормативтік-құқықтық актілерге байланысты шешімдері бекітілді.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар