Республикалық байқауда жеңімпаз атанды

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бастамасымен Түркістан қаласында өткен «Жақсылық жалғасады» республикалық бейнероликтер байқауында Егіндікөл ауданының Ұзынкөл ауылындағы жалпы білім беретін мектебі жеңіске жетті. Нақтырақ айтсақ, аталғанбілім беру ұйымы «Шағын жинақты мектептерді дамыту» номинациясында бірінші орынға ие болды.

Бұл жеңіс мектепке абырой әкеліп қана қоймай, маңызды қолдауға жол ашты. Осы бірінші орынның жүлдесі ретінде келесі жылы «Қазақстан халқына» қорының қаражаты есебінен мектеп аумағында футбол алаңы, баскетбол және волейболға арналған әмбебап алаң, заманауи тренажерлері бар воркаут аймағы мен абаттандырылған саябақ аумағын қамтитын көпфункционалды спорт алаңы салынатын болды.

Ал, жүлделі екінші орынды Целиноград ауданының Мортық  негізгі орта мектебі иеленді. Қор қаражаты есебінен бұл ауылда да баскетбол алаңы және ауыр атлетикамен айналысуға болатын воркаут аймағы бар спорт алаңы салынады.

Сондай-ақ, жеңімпаздар қатарында «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» номинациясында үздік деп танылған Ақкөл қаласындағы Ж.Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп те бар.

Сонымен қатар, бүгінгі күнге дейін «Ауылдық жерлердегі тірек мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы аясында өңірдегі 18 білім беру ұйымы жалпы құны 4,5 миллиард теңгеге қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, 54 магниттік мектепке қаржылай қолдау көрсетілді.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар