Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Еңбек адамының құқы айтылды - АРҚА АЖАРЫ

Еңбек адамының құқы айтылды

«Мемлекеттік мекемелер, банк және қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің кезекті отырысында еңбек адамдарының құқын қорғау мәселелері сөз болды.

  Отырысты ашқан қоғамдық бірлестік төрағасы Боранбай Бегалиннің сөзінен кейін  салалық кәсіподағы Аршалы аудандық комитетінің төрайымы Татьяна Престинская ұйымның атқарып жатқан жұмысынан есеп берді. Бүгінгі күні бұл кәсіподаққа 26 бастауыш  ұйым біріктіріліпті. Ондағы 236 адамның 136-ы әйелдер қауымы. Аудандық әкімдік пен мәслихаттың барлық бөлімдерінде және 13 ауылдық округте, жұмыспен қамту орталығында кәсіподақ ұйымдары құрылып, белсенді жұмыс істеп жатқан көрінеді. Сонымен бірге, аудандық әкімдіктің 6 бөлімін әйелдер басқарса, мәслихаттағы 12 депутаттың үшеуі де нәзік жандылар санатынан, екі ауыл әкімі де әйел. Жалпы, ауданда гендерлік саясат, әйел құқығын қорғау бағытындағы жұмыс дұрыс жолға қойылғандығы баяндамашының сөзінен айқын аңғарыла түсті. Неке және отбасын сақтап қалу мәселелері бойынша түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіліп тұрады. Пленум мүшелері баяндаманы тыңдай келе, кәсіподақ жұмысына оң бағаларын берді және істі әрі қарай жандандыра түсуді тапсырды.
Кәсіподақтардың Ақмола облыстық федерациясының төрағасы Кеңес Бекішев пленумға қатысушыларды облыстық ұйымның атқарып жатқан жұмысымен жан-жақты таныстырып, еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұмыс беруші мен қызметкерлер және кәсіподақ арасындағы үш жақты келісім-шартқа қол қою, еңбек заңдылығын бұзушылықты азайту және оның алдын алу шаралары туралы айтып, әлеуметтік серіктестіктермен де меморандумдар жасаудың мән-маңызына назар аударды. Былтырғы жылы облыс бойынша кейбір мекемелердің жұмысшыларына төленбеген 303,5 миллион теңге қарыз ақша 13 басшымен биыл толық қайтарылғандығын атап өтті. Елбасының  «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» атты мақаласын талқылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да назардан тыс қалған жоқ.
Бұдан соң салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Боранбай Бегалин отырысты қорытындылап, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған биылғы Жолдауы және 12 сәуірде жарық көрген рухани жаңғыру тұрғысындағы мақаласына қатысты өзінің ой-пікірін білдірді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар