Мектеп-лицейдің мерейлі жетістіктері

Өткен қазан айында Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінің ұжымы бірқатар қуанышты оқиғалардың куәсі болды.

Атап айтқанда, Республика күніне орай, екі педагогымыз Ақмола облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар, жиырма мұғалімге «Құрметті ұстаз» медальдары табысталды. Марапат иелерінің қатарында Ф.Н.Әбелдинова, Е.К.Штепенко, Р.З.Омарова, К.Т.Исламова, Г.А.Қазбекова және басқа да ұстаздар бар.

Оның алдында Астана қаласында 2-11 сынып оқушылары арасында «Идеядан – жаңалыққа. Зерттеуден – болашаққа» атты республикалық зерттеу жобалары байқауы өткен болатын. Бұл байқау біздің білім ордасы мен халықаралық педагогика академиясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылды. Байқау қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі бірінші орындарды иеленді.

Атап айтқанда, 8-сынып оқушысы Николай Конжуровский, 9-сынып оқушылары Айару Қатқай мен Милана Малина авторлық жобалары үшін бірінші орындарды жеңіп алды. Олардың ғылыми жетекшілері Е.И.Бардымова мен Г.К.Әміржанова.

Республика күні мерекесінде Астана қаласында «Білім беру саласының үздік педагогы» республикалық байқауы жеңімпаздарын марапаттау рәсімі де өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шараға «Даму» халықаралық орталығы мен «Bilim-orkenieti» республикалық орталығы мұрындық болды. Марапаттау рәсіміне №6 мектеп-лицейінің директоры Г.Ж.Әбдіқасымова мен орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Т.Г.Таран қатысты. Екі педагог төсбелгімен, І дәрежелі дипломмен, кубокпен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Бұл – ұстаздардың кәсіби еңбегі мен білім беру саласына қосқан үлестерінің лайықты бағасы.

Сол күні Көкшетау қаласындағы Ту тұғыры орналасқан алаңда Көк байрағымызды көтеру рәсімінде Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 11-сынып оқушысы Ксения Щетининаға қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқаны, жоғары азаматтық белсенділігі және жақсы оқу үлгерімі үшін Алғыс хат табыстады.

Бұл жетістіктер мектеп-лицей ұжымының қажырлы еңбегінің, ұстаздар мен оқушылардың білім мен ізденіске және биік мақсаттарға ұмтылысының айқын көрінісі десек, артық емес.

М.ҚАДЫРБЕК,
Көкшетау қаласындағы №6 мектеп-лицейінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар