Үш ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылды

Игі бір іс 

Бірлік ауылдық округінде Бірлік, Тұмар және Ақкент ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды.

Тұрғындар мен қонақтарды айтулы оқиғамен аудан әкімі Серік Құдабай құттықтады. Сондай-ақ, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бұлан Тұрлыбеков құттықтау сөз сөйледі.

Бұған дейін аталған үш ауылда орталықтандырылған су жүйесі болмаған. Енді ауыз су тұрғындардың үйлеріне тікелей кіргізіліп, ауыл халқының тұрмысын жеңілдетуге және күнделікті өмір сүру жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беруде.

– Бұл біз үшін үлкен оқиға. Бұрын ауыз су мәселесі өте күрделі еді. Енді ол тікелей үйге келіп тұр. Ауылдарымызда осындай жұмыстар атқарылып жатқанына өте қуаныштымыз. Әрі жобаны жүзеге асыруға атсалысқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз, – дейді ауылдық округтің тұрғыны Магумад Умаров.

А.ҚАДЫРҚЫЗЫ.

Сандықтау ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар