Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жаңа кафедра ашылды - АРҚА АЖАРЫ

Жаңа кафедра ашылды

 

«Көкшетау сүт зауыты» серіктестігінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне қарасты Смағұл Сәдуақасов атындағы ауыл шаруашылығы
институтының «Механикаландыру және мал шаруашылығы» кафедрасы ашылды.

 

Зауыт директоры Әсен Жақсылықовтың айтуынша, кәсіпорында мұндай кафедраның ашылуы өндіріске қажетті мамандарды даярлауда маңызды қадам болып отыр. Білімін тәжірибемен ұштастырып, оқуды үздік бітірген студенттер келешекте зауытта қалып жұмыс істеуіне әбден болады. Бұл қадам бір жағынан студенттерге теориялық біліммен қатар, практикалық тәжірибе жинақтауға септігін тигізсе, зауыт басшылығы үшін өндіріске қажетті болашақ мамандарды өздері таңдап алуына мол мүмкіндік туғызбақшы.
Кафедраның ашылу салтанатына қатысқан Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Әбдімүтәліп Әбжаппаров студенттерге терең білім беру ісіне қолдау білдірген зауыт басшылығына алғысын айта келе, білікті кадрларды даярлауда алдағы уақытта да ынтымақтаса жұмыс істейтіндіктеріне сенім білдірді.  Кафедрада студенттердің білім алуына барлық жағдай жасалған. Дәріс залы қазіргі заманғы жиһаз, мультимедиялық жабдықпен қамтамасыз етілмекші. Сондай-ақ, студенттерге университет оқытушылары ғана емес, зауыт мамандары да дәріс оқып, тәжірибелерімен бөлісетін болады.
Жарты ғасырдан астам тарихы бар «Көкшетау сүт зауыты» серіктестігінде сүт пен  қаймақ, май, ірімшік және балмұздақ тәрізді сүт өнімдерінің  30 түрі шығарылады. Әсіресе, ірімшік пен балмұздақтың құлпынай, қарақат, киви және француздық түрлеріне сұраныс жоғары. Өнімнің барлығы табиғи шикізаттан дайындалатындықтан, сапасы да жоғары. Өнімдері Астана қаласы мен еліміздің жеті облыс орталығына, Ресейдің Омбы қаласына шығарылады.
Кәсіпорында екі жүзден астам адам еңбек етеді. Соңғы бірер жылда мемлекеттің кең көлемді қолдауына сүйене отырып, өндірісті әртараптандыру, былайша айтқанда, кластерлік қадамдарға ден қойылуда. Осы бағытта өткен жылы өндірісті кеңейту үшін 25 миллион теңге көлемінде инвестиция салынды. Бұл қаржыға құрал-жабдық сатып алынып, балмұздақтың қосымша 6 жаңа  түрін шығару қолға алынды. Оған қоса ірімшіктің де бірнеше жаңа түрі шығарылуда.
Осының арқасында зауыт өнімдеріне тұрғындар тарапынан сұраныс артып келеді. Мұндайда институт көмегімен зауытта кадр мәселесін шешу де іске  тек оң серпін берері анық.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар