Жерлес ғалымның жетістігі

 

Сағынтай Елубаев – Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі

 

Таяуда Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сағынтай Елубаев Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі атағына ие болды. Солтүстік өңірде ғылымда мол табысқа жетіп, дәл осындай атаққа ие болған ғалымдар некен-саяқ. Университеттің қыруар шаруасын атқара жүріп, бейнеті мол ғылыммен айналысу, белгілі бір биікті бағындыру қияпат шаруа. Сағынтай Зекенұлы ел тәуелсіздігін алған жылдары Көкшетауда алғашқылардың бірі болып жоғары оқу орнын ұйымдастырған іскер әрі жаңашыл ғалым. Бүгінде А.Мырзахметов атындағы университет әр жыл сайын бірнеше мамандықтар бойынша жүздеген түлектеріне үлкен өмірге жолдама беріп жатқан іргелі оқу орны.  
Өз бойындағы зор табиғи талантын, дархан дарынын ел ғылымына арнаған жерлес ғалымды жетістігімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің президенті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Сағынтай Зекенұлы ЕЛУБАЕВТЫ Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академигі атағына ие болуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, Қазақстанның игілігі жолындағы қажырлы еңбегіңізге зор шығармашылық табыс тілейміз.
 
Ізгі ниетпен: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар