Мағынасыз атаулардан арыла түсу – уақыт талабы

 

Кеңес заманында елді мекен, жер-су, көше атаулары жөн-жосықсыз өзгертіліп, елімізде коммунистік түсінікке сай атаулар жаппай белең алған еді. Әр ауылда Ленин атындағы көшелер болды, Ленин атындағы ұжымшарлар, кеңшарлар, кәсіпорындар әр өңірде кездесетін. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда келмеске кеткен кеңестік идеологияның көзіндей болып қалған атауларды өзгерту жұмыстары қолға алынды.

 

Дегенмен, «батпандап кірген ауру мысқалдап шығады» демекші, қаптап кеткен мағынасыз атауларды бірер жылда өзгертіп тастау мүмкін емес еді. Оған қоса, елді мекен, көше атау-ларын әр өңірде өздерінің туыстары мен аталарына беру жайлары белең ала бастады. Осыған орай,  2007-2013 жылдары ономастика саласында жұмыс жүргізуге уақытша мораторий жарияланған болатын. Одан әрі 2015 жылдың 30 қаңтарынан 2016 жылғы қаңтарға дейін тағы бір тоқтам өз күшінде болды. Сөйтіп, өткен жылдың қаңтарынан бастап, елді мекендер мен көше атауларын өзгерту қайта жалғасын тапты.
2016 жылдың қазаны мен желтоқсан айларында облыстық ономастика комиссиясының екі отырысы өткізілді. 2016 жылғы 21 қазандағы комиссия отырысының күн тәртібінде алдымен, әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктері қаралды. Оның қорытындысы негізінде Атбасар ауданындағы Ақан Құрманов ауылының 10 көшесі, Қосбармақ ауылының 2 көшесі, Садовое ауылында – 5, Сепе ауылында – 11, Есенкелді ауылында – 3, Новомариновка ауылында – 2 көше атауы өзгертілді. Сондай-ақ, Жарқайың ауданындағы Тассуат ауылының 2 көшесі, Целиноград ауданына қарасты Қосшы ауылының 2 көшесі басқа атаумен аталатын болды.
Сандықтау ауданы әкімдігінің құрамдас бөліктерді, негізінен көшелердің атауын өзгертуге қатысты ұсыныстары көп болып шықты. Атап айтқанда, осы аудандағы Преображенка ауылында – 2, Раздольное ауылында – 3, Красная поляна
ауылында – 3, Петриковка ауылында 2 көше, Ұлан ауылының 1 көшесі, Тучное ауылында – 2, Васильевка ауылында – 2, Владимировка ауылында – 2, Новый городок ауылында – 2, Спасское ауылында – 2 көше, Мәдениет ауылының 3 көшесі, Дорогинка ауылында – 2, Богородка ауылында – 4, Каменка ауылында – 5, Богословка ауылында – 2 көшені қайта атау ұсынылды.
Көкшетау қаласының Краснояр кентінде Советская көшесі Тәуелсіздік көшесі, Зеленая – Болашақ, Ленин – Достық көшесі деп қайта аталды. Ал, Станционный кентінде Линейная көшесі Оқжетпес болып өзгертілді.
Көкшетау мен Степногорск облыстық маңызы бар қалалар болғандықтан, мұндағы құрамдас бөліктерді қайта атау тәртібі сәл өзгешелеу. Осыған байланысты, Көкшетау қаласының Дачная көшесін Қайым Мұхамедханов көшесі, ДСУ-15 көшесін Хамит Ерғалиев, Кирпичная көшесін Ынтымақ, Нефтебазовская көшесін Кәукен Кенжетаев, Пионерская көшесін Баубек Бұлқышев көшесі деп атау туралы ұсыныстар ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды. Степногорск қаласында бір даңғыл мен бір көше атауы өзгертілмек. Қазіргі уақытта республикалық ономастика комиссиясының оң шешімін алып отырмыз, ендігі кезекте екі қаланың бірқатар көшелерін қайта атау мәселесін облыстық мәслихат сессиясында қарау жоспарланып отыр.
Комиссия қорытындысының білім беру мекемелеріне қатысты тармағы бойынша баяндайтын болсақ, Атбасар ауданында №3 «Родничек» балабақшасын №3 «Ақбұлақ» балабақшасына, Көкшетау қаласында №14 «Чайка» балабақшасын №14 «Достық» балабақшасына, №37 «Аленушка» балабақшасын №37 «Өркен» балабақшасына, №35 «Звоночек» балабақшасын №35 «Болашақ» балабақшасына өзгертіп, қайта атау жөнінде ұсыныстар қабылданды.
2016 жылғы 5 желтоқсандағы комиссия отырысының күн тәртібінде алдымен, әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктері қаралды. Бұл жолы ұсыныс берушілер  қатары артқандығын атап өткен артық болмас. Ономас-тика комиссиясына көше, басқа да құрылымдардың атауын өзгертуге қатысты 11 аудан және Көкшетау қаласының әкімдіктері тарапынан ұсыныс түсті.
Оның қорытындысы негізінде Бурабай ауданындағы Веденов ауылдық округінде – 1, Первомай ауылында – 2, Мәдениет ауылында – 2, Кенесары ауылының 1 көшесі, Ұрымқай ауылының бір көшесі, Атамекен ауылының 1 көшесі қайта аталды. Сандықтау ауданының Новоникольск ауылында – 8, Мысок ауылында – 2 көше, Сандықтау ауылының 9 көшесі, Новоромановка ауылында – 1, Лесной ауылында – 5, Михайловка ауылында – 2, Речное ауылында – 3, Бастрымовка ауылында – 3, Балкашино ауылында – 7, Веселое ауылында – 7, Новоселовка ауылында – 2, Приозерное ауылында – 8, Барақпай ауылының 5 көшесі, Жарқайың ауданында Тасөткел ауылының 4 көшесі, Ерейментау ауданында Еркіншілік ауылының – 2, Тайбай ауылының 3 көшесі, Қорғалжын ауданында Қорғалжын ауылының 6 көшесі, Арықты ауылында – 1, Сабынды ауылында – 5, Қараегін ауылында 1 көше, Ақкөл ауданында Ақкөл қаласының 13 көшесі, Шортанды ауданының Шортанды кентінде 13 көше, Жақсы ауданында Ешім ауылының 2 көшесі, Киев ауылында – 2, Беловод ауылында – 1, Перекатное ауылында – 1, Белағаш ауылында – 2, Моховое ауылында – 1, Лозовое ауылында – 1, Подгорное ауылында – 2 көше қайта аталды.
Есіл ауданының Есіл қаласында бірқатар көше мен даңғылды біріктіріп, ортақ атау беруге ұйғарылды. Жалпы, 16 құрамдас бөлік қайта аталды. Атбасар ауданында Мариновка ауылында – 5, Көкшетау қаласының Краснояр ауылында – 1 көшені қайта атауға келісім берілді.
Облыстық маңызы бар Көкшетау қаласына қатысты ұзын саны 42 көше бойынша ұсыныстар ҚР Үкіметінің жанындағы республикалық ономас-тика комиссиясының қарауына жолданды. Бұдан бөлек, комиссия елді мекенге қатысты тармақта Целиноград ауданы, Талапкер ауылдық округінің №96 разъезд ауылын Ыбырай Алтынсарин ауылы деп қайта атау ұсынысын қабылдап, облыстың өкілетті және атқарушы органдарының қарауына жіберді. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.
Атап өтерлік жәйт, ономастика жұмысы барысында Қазақстан Рес-публикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, мемлекет меншігіндегі басқа да нысандарға атау беру, сондай-ақ, оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидалары ескеріледі. Осы орайда, облыстық басқарма  көшелерге мән-мағынасы жоқ атау бермеу, олардың қайталанбау жағына баса мән беру жайына назар аударуда. Алдағы уақытта ономастика саласындағы жұмыстар сапалы жүргізіліп, бір кезде негізсіз өзгертілген атаулар қайта қалпына келтіріледі деген сенімдеміз.

Айгүл ТАЛПАҚОВА,
облыстық тілдерді дамыту басқармасының ономастикалық жұмыс және көрнекі ақпараттарды  бақылау бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар